Көкпекті ауданында ер адам елікті рұқсатсыз атқаны үшін жазаға тартылды

0
216
көрілім
Қараша айының басында Көкпекті ауданында ер адам елікті рұқсатсыз атқаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды газет тілшісі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Орман және жануарлар әлемі аумақтық инспекция қызметкерлері рейд жүргізіп, браконьерді анықтады.

Төртінші қараша күні заңсыз аң аулау фактісі анықталды. Көкпекті ауданының тұрғыны рұқсат қағазынсыз екі елікті атып алған. Оған қоса оның мылтық ұстауға қажетті құжаттары да болмаған, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері келіп жеткен. Қазіргі уақытта заң бұзушылыққа жол берген тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушыға 1 млн. 134 мың 500 теңге айыппұл салынбақ.