Зайсандық оқушылар қысқы демалыстарын Глубокое ауданында өткізді

0
104
көрілім

Зайсан ауданының 25 оқушысы қысқы демалысты Глубокое ауданына қарасты Таулы Үлбі ауылының маңындағы «Дарын» демалыс базасында өткізіп қайтты.

Зайсан ауданы әкімінің ресми сайтының хабарлауынша, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектептің 25 оқушысы Таулы Үлбіде орналасқан «Дарын» базасында өткен «Бақытты қысқы каникул» ауысымына қатысып келген.

«Бағдарламаға сәйкес қысқы ойындар, стюбпен сырғанау, салт атқа міну, мерекелік фейерверк, қысқы алау, патшайым түні және басқа да қызықты шаралар өткізілді. Балалар 2 қабатты жылы коттедждерде тұрып, бес уақыт тамақтандырылды. Биылғы қысқы каникулдары есте қаларлықтай өтіп, оқушылар өте тамаша көңіл-күймен үйлеріне оралды», деп жазады әкімнің ресми сайты.