Жолда қалған жолаушыны жол-патрульдік полиция қызметкерлері құтқарып қалды

0
125
көрілім

Аязды күні жолда қалған жолаушыны жол-патрульдік полиция қызметкерлері құтқарып қалды. Бұл оқиға Өскемен-Риддер бағытында орын алған. Көлігі бұзылып, қатты тоңып қалған 35 жас шамасындағы азаматқа көмек қолын ұсынған тәртіп сақшылары оны облыс орталығына дейін жеткізді.

Оқиға орын алған күні облыс аумағындағы ауа температурасы минус 30 градусқа дейін түсіп кеткен. Ер адам отбасымен Белоусовка кентінен келе жатқан. Облыс орталығына таяй бергенде автокөлігі бұзылып қалады. Баласы мен жұбайын жолаушы көліктердің біріне отырғызып, өзі эвакуатор қызметіне бірнеше мәрте қоңырау шалған. Алайда бос көлік табылмаған көрінеді.

ШҚО ІІД ЖПҚ арнайы батальонының қызметкерлері полиция лейтенанты Алмас Игембаев пен полиция кіші лейтенанты Заңғар Шаймарданов жол бойынан апаттық белгісі қосылған автокөлікті байқап қалады. Олар эвакуатор қызметін шақыруға көмектеседі.

Аязды ауа райында мұндай жағдай жиі орын алып тұрады екен, сондықтан алыс жолға шығарда барынша абай болғандарыңыз жөн.