100-ші алғашқы қоңырау

3934
көрілім

Семей қаласына қарасты Қайнар ауылындағы Сапарғали Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектепте күміс қоңырау 100-ші рет соғылды.

Білім күнінде оқу ордасындағы қазақ тілі  кабинетіне ардагер  ұстаздар  Кабдырахман  Ғабдуллин мен  Күләш  Нұрбикенованың, математика  кабинетіне Самат Сәрсенбеков пен  Өзипа Жайкенованың есімдері берілді. «Бұл кабинеттерді ұрпақтары жақсылап жабдықтап берді. Сонымен бірге  мектебіміздің 1996 жылғы  түлектері  биология  кабинетін  жабдықтап, 100 жылдыққа тамаша тарту жасады» дейді С.Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Жұмаділова.

Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы аясында «Абыралы –Дегелең» қоғамдық қорының президенті Марат Құрманбай 1 сынып табалдырығын аттаған 23 оқушыға, «Самрұқ Қазына» АҚ жанындағы «Әлеуметтік өзара іс-қимыл  және коммуникациялары орталығы» мекемесі аз қамтылған  отбасында  тәрбиеленетін 8 оқушыға оқу-құралдарын сыйға тартты.