11-17 қаңтар аралығына арналған жұлдыз-жорамал

472
көрілім

Тоқты

Тұлабойыңызды кернеген алапат күштің барын сезінесіз. Жарқын істер бастау үшін нық қадамдар жасап, белестерді бағындыруға көшіңіз. Таңсәріден тұрып, спортпен шұғылдануға ұмтылыңыз. Бойыңыздағы күш-қуатты орнымен жұмсамасаңыз алтын уақытыңызды құр босқа жіберіп аласыз.

Торпақ

Көңіл-күйіңіз түсіп, сатып алған затыңыздың сапасы нашар екендігіне шағым айтқыңыз келсе әзірге сабырлық сақтағаныңыз жөн. Бұл кезеңде барлық сәтсіздіктерге төзіп, қиындыққа төтеп беруге тиіссіз. Себебі апта соңына қарай маңызды қадамдар жасап, жауапкершілік жүгін сезінетін сәт туындайды.

Егіздер

Апта біткенше әр сөзіңізді сүзгіден өткізіп, орынсыз пікір айтып қалудан сақ болғайсыз. Кейде мүлде үнсіздікті серік етуге тура келеді. Жеке өміріңізде сүйіктіңізбен келіспеушіліктер туындап, ренжісіп қалуыңыз ғажап емес. Барлығын ысырып қойып, өзіңіз бірінші болып татуласуға ұмтылыңыз.

Шаян

Бастаған ісіңіз ілгерілемей, бір орында тұрып қалғандай болады. Бұның барлығы да басшыңыздың сізге деген жүктемені көбейтіп жіберуінен. Өкініштісі сол, қанша жерден барыңызды салғаныңызбен соңында жемісін көре алмайсыз. Әсілі, көндіккеніңіз жөн. Жұмыста әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды суытып алмаңыз.

Арыстан

Кез келген өзгерістер сіздің пайдаңызға шешіледі. Өзіңіз бұрын бас сұғып, тереңіне бойлап көрмеген бағытта толағай табыстарға жетесіз. Демалыс күндері тынығып алуды ұмытпаңыз. Барлығына бірдей үлгеремін деп жанталаспағаныңыз жөн. Әйтпегенде жұмыс уақыты бітпей бар күшіңізді сарқып аласыз.

Бикеш

Апта басында-ақ ауадан әлдеқандай ауырлықты байқағандай боласыз. Одан еш қаймығудың реті жоқ, себебі бой сергіткіңіз келсе қыраулы қыста табиғат аясына шығып қайтыңыз. Жалпы осы кезең өзін-өзі дамытып, тарихқа қызыққан жандарға қолайлы. Өздері үшін тыңнан жаңалық ашуға мүмкіндік алады.

Таразы

«Таспен атқанды аспен ат» демекші, қателігіңізді аңдып отырғандарға жақсылық жасауға тырысыңыз. Ал қандай да бір істі қолға алып, біреудің жетістігіне іштарлық танытсаңыз түбі сол ойыңыз өзіңізге кесел болуы ғажап емес. Сондықтан әріптестеріңізбен ұрыс-керіске бармай, басшылықпен байланысыңызды бұзып алмауға тырысыңыз.

Сарышаян

Қазір орнатқан кез келген таныстығыңыздың алдағы өміріңізге елеулі өзгерістер әкелетіндігіне күмән келтірмеңіз. Маңайыңызға ықпалды адамдарды топтастыру үшін барынша жайдары, жылы кейіп танытыңыз. Көпшілікті басқара білу қабілетіңіз маңызды істерді қолға алғанда байқалады.

Мерген

Маңызды жұмыстарды апта аяқталмай тәмамдап алуға тырысыңыз. Қазір қолыңыз тигенде тынығып алуды ойлайсыз. Кейінге қалдырмаңыз, әйтпесе қауырт тірліктен қолыңыз босамай, соңы денсаулығыңыздың сыр беруіне әкелуі кәдік. Бала-шағаңыз «өзім білемінге» салып, сөзіңізге құлақ аспай жатса ашу шақырып, зекімегеніңіз жөн.

Тауешкі

Осы апта соңғы уақыттардағы күрделі кезеңдердің бірі болғалы тұр. Аяқасты мәселе туындап, пайда болып, әлденені жоғалтып, жұмыста үлгермей жатасыз. Ең бастысы – сіздің мұның барлығын еңсеруге күш-қуатыңыз жетеді! Жұлдыздар қазір қарыз берудің еш жөні жоқ екендігін ескертеді, ақшаңыз жуық арада қайтпауы мүмкін.

Суқұйғыш

Дәл қазір кіммен болсын тәжікелесудің еш реті жоқ. Себебі кейін татуласудың реті келмей, араларыңыз одан әрі суысып кетеді. Ойыңызды басқа жаққа бұру үшін хобби тауып алыңыз. Еңбек демалысына алаңсыз шығу үшін осы бастан жұмыстағы бар міндетіңізді уақтылы орындаңыз.

Балықтар

Мәнсабыңыздағы көптеген өзгерістер басшыңызбен екеуара қарым-қатынасыңызға байланысты болады. Өзіңізге қойылған жүктемені асыра орындасаңыз онда барлығы дұрыс. Ал жоқ жерден ағаттық жіберіп, кінәні өзгеден іздеуге ұмтылсаңыз онда қасықтап жинаған беделіңіз шөміштеп төгілмек.