13-19 мамыр аралығына арналған Жұлдыз жорамал

50
көрілім

Тоқты

Әріптестеріңізбен екіарада біраз келіспеушілік туындауы мүмкін. Жанжалдың басы бұрыннан келе жатқан реніш болуы ықтимал. Дегенмен қандай болмасын келіспеушілікті бейбіт жолмен шешуге болатынын ұмытпаңыз.

Торпақ

Бұл аптада жетістіктеріңіз тек өзіңіздің белсенділігіңіз бен жұмысқа деген кәсіби қатынасыңызға ғана байланысты болмақ. Сол себепті өз ұстанымыңыз, өз дегеніңізде тұру қасиетіңіз бұл аптада сізге керек болары анық.

Егіздер

Кейбір таныстарыңыз сыртыңыздан сөз етуі мүмкін. Сол себепті сырыңызды сыртқа айта бермеуге тырысыңыз. Апта ортасына қарай өміріңізді өзгертетін адаммен танысуыңыз ықтимал.

Шаян

Апта ішінде қуанышты жаңалық естисіз. Көптен бері ойластырып жүрген жоспарларыңыз осы аптада іске асып, арманыңыз орындалады. Алайда, өміріңіздегі өзгерісті айналаңызға айтуға асықпаңыз, біраз іште сақтаңыз.

Арыстан

Арыстандарға үй ішіндегі ұсақ шаруалармен айналысатын апта болмақ. Көңіліңізге жақпайтын заттарды сатып, я болмаса туған-туысыңызға сыйлап жаңасын алыңыз.

Бикеш

Жақын адамдарыңыздың кез-келген ұсынысын қабылдауға болатын апта. Бұл кезеңде пайдалы әрі табысы мол істермен шұғылдануыңызға болады. Кіші-гірім саяхатқа шығып кетуіңіз де ықтимал.

Таразы

Қалтаңыздағы басы артық қаржыны сақтап қойғаныңыз абзал. Апта соңына қарай керек болып қалуы мүмкін. Бұл апта қаржыны жинақтауға қолайлы, сондықтан оны жаңа іс бастауға әзірге салмағаныңыз дұрыс.

Сарышаян

Жақын адамдарыңыздың сізден жасырған құпияларын біліп қоюыңыз мүмкін. Кейбір жағдайларда олардан көңіліңіз де қалуы ықтимал. Дегенмен қай нәрсені болмасын ақылмен таразылаңыз.

Мерген

Бұл аптада өзгенің емес өз мәселелеріңізді бірінші кезекке қойғаныңыз жөн. Көбірек тынығып, таза ауада жиі серуендеңіз. Апта соңына қарай отбасыңызды алып саяхаттап қайтыңыз.

Тауешкі

Достарыңызға қолұшын созуды жақсы көретін адам болсаңыз бұл апта мұндай істерге таптырмайтын кезең болмақ. Кейбір кездері оларды емес сізді де саздан шығарудың қажеті болып қалуы мүмкін екенін ұмытпаңыз.

Суқұйғыш

Бұл аптада сізді жұмыс пен лауазым көбірек мазалауы мүмкін. Қай нәрседе болмасын алғырлық танытып, басшылықтың көзіне түсуіңіз оңай болмақ. Тіпті әріптестеріңізбен де қарым-қатынасыңыз ойдағыдай болады.

Балықтар

Қаржылық жағдайыңыз өзге адамдарға байланысты болуы ықтимал. Сондықтан бұл апта өзіңізге емес өзгеге көбірек көңіл бөлетін апта. Жұмыста - басшылықтың, үйде — жұбайыңыздың көңілін табуға тырысыңыз.