14-20 қыркүйек аралығына арналған жұлдыз-жорамал

142
көрілім

Тоқты

Махаббатты бірінші орынға қоясыз. Біреулер мұны теріс қабылдағанмен шешіміңізді өзгетпейсіз. Осының салдарынан достарыңыздан алшақтап кетуіңіз мүмкін. Дұрысы оңаша қалып, жүректің қоңырау үніне құлақ асыңыз. Жұмысыңызда жаңашылдықтар болғалы тұр.

Торпақ

Бұл кезеңде үй шаруашылығына уақыт тауып, ұйқыңызды қандырып алуға мүмкіндік аласыз. Дей тұрғанмен толыққанды тынығып, босаңсиын десеңіз сүйіктіңіз мазалауы мүмкін. Мүмкін дүкеннен ұнатқан затын алып бергеніңіз дұрыс шығар. Шығындаламын деп қапаланбаңыз.

Егіздер

Кейін көмегі тиіп қалуы мүмкін адамдарға жақсы қырыңыздан танылыңыз. Ұдайы еңбектеніп, қол қусырып отыруды ысыра тұрыңыз. Қызметтік мәнсабыңызда өрлеуіңіз ғажап емес. Жаңа таныстық орнатып, іскерлік шеңберіңізді кеңейте түсіңіз.

Шаян

Ұжымда әдеттегідей, қозғаушы күшке ие көрінесіз. Шығармашылық қабілетіңізді тұншықтырмай, дұрыс бағытта пайдалана біліңіз. Бұл кезеңде қомақты қаржыға ие болып қалуыңыз мүмкін. Десе де әркез сақтық танытыңыз. Әйтпегенде біреудің жолын бөгеп, бағытынан жаңылдыруыңыз мүмкін.

Арыстан

Жұмыста аяқ асты демалыс алып, алыс сапарға шығамын деп бітпей қалған шаруаларыңызды одан әрмен көбейтіп алмаңыз. Дұрысы, қазір ұжымда беделіңізді көтеріп, еселеп еңбектенгеніңіз абзал. Кәсіби шеберлігіңіз лайықты бағасын алады.

Бикеш

Соңғы уақытта барынша әділетті болуды мақсат етесіз. Уақыт жоғалтпай, осы бастан өмірде не қалайтыныңызды айқындап алыңыз. Күтпеген кездесу мен келіп түскен қоңыраулардың бірі өміріңізді күрт өзгертуі мүмкін. Жұмыста өзіңізді үздік қырыңыздан көрсетудің сәті түседі.

Таразы

Сүйіктіңізбен әлденені талқылау кезінде эмоцияға бой алдырып, шектен шығып кетпеңіз. Өзіңізге деген сенім болар, кейде басқалардан ерекшеленетін қырыңызды көрсеткіңіз келіп тұрады. Өміріңіздегі қымбат адамдарды жоғалтып алмас үшін ара-тұра қоңырау шалып тұрыңыз.

Сарышаян

Жаңа жоспар құруға мүмкіндік беретін жайлы кезең орнайды. Іскерлік бағытта сол ойлағыныңызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ықпалды серіктес табасыз. Осыған дейін жиі қаққан есігіңіз айқара ашып, ісіңіз біртіндеп алға баспақ. Жұмысыңызда сәтті келісімшарттар жасалып, жаңа клиенттер табасыз.

Мерген

Неғұрлым еркін әрі тәуелсіз болған сайын соғұрлым әріптестеріңіздің таңданысын тудырасыз. Десе де бағытыңыздан таймауды басшылыққа алған ләзім. Ұдайы үздік нәтиже көрсете беруге асықпаңыз. Бұл әрекетіңіз әлдекімдерге жақпауы мүмкін. Арасында өзіңізге бір сыйлық алып қойған да жөн шығар.

Тауешкі

Күш-қуатыңыз үнемі тиісті жеріне бағыттала бермейді. Сол себепті үлкендердің кеңесіне құлақ асыңыз. Өткен өміріңізде жолыңызды кескен адамдар айналып алдыңызға келуіңіз мүмкін. Кешіріммен қарап, өкпе-ренішті ысырып тастаңыз. Қанша жерден секемденгеніңізбен олардың ендігі ниеті түзу болмақ.

Суқұйғыш

Аяқсыз қалған жұмыстарыңыз болса демалыста соны қолға алыңыз. Маңызды шаруа алдында жақсылап әзірлік жүргізіп алыңыз. Дұрыс байланыс орнату үшін өзіңіздің тілтабысқыштық қабілетіңізді іске қосыңыз. Ұсақ-түйек мәселелерге жүйке жұқартпаған абзал. Алда әлдеқайда маңызды істер күтіп тұр.

Балықтар

Таным көкжиегіңізде жаңа мақсаттар пайда болады. Соған жетуге асықсыз. Ендеше, ойыңызды жинақтап, күшіңізді орнымен жұмсаңыз. Қауырт тірлік соңында жүріп демалуды ұмытпаңыз. Сүйіктіңізбен табиғат аясына шығып, сейіл құрып қайтсаңыз еш әбестігі жоқ.