14-20 мамыр аралығына арналған Жұлдыз жорамал

597
көрілім

Тоқты

Бұл аптада асқан мұқияттылық танытқаныңыз абзал. Әсіресе дүйсенбі күні сақ болыңыз. Дегенмен, сейсенбіден бастап тізгінді босатып, бірқалыпты өмір салтына көшесіз.

Торпақ

Өзіңізге деген сенімсіздікті біржолата тастайтын уақыт жетті. Сондықтан бұл аптаны белсенді өткізіп, көңіліңіз қалаған істерді істеңіз. Алайда дүйсенбі күні мұқият болғаныңыз дұрыс.

Егіздер

Апта егіздер үшін қызыққа толы болмақ. Дүйсенбіден басталған нәтижелі жұмыстар аптаның соңына дейін созылары анық. Сондықтан ойыңызда жүрген жоспарларды осы аптада іске асыруға тырысыңыз.

Шаян

Бұл кезеңде ықпалы күшті таныстарыңыз қол ұшын созып, кейбір жобаларда демеуші болуы мүмкін. Барлық қаржыға байланысты келісім-шарттарды бейсенбі күніне қалдырғаныңыз абзал.

Арыстан

Шығармашылықпен айналысатын арыстандар үшін сәтті апта болмақ. Бұл аптада өз бағыңызды лотореяда сынап көруіңізге болады. Ал апта соңындағы демалыстарды отбасымен өткізгеніңіз абзал.

Бикеш

Қатып қалған ереженің жоқ екенін бір сәт есіңізге түсіріп, бұл аптада біраз болсын көңіл көтеруге тырысыңыз. Бейсенбі күні сіздің ұсыныстарыңыз айналаңыздағыларды қызықтыруы мүмкін.

Таразы

Бұл аптада асығыс, әрі қызбалықпен шешім шығармауға тырсыңыз, өйткені мамырдың бұл кезеңі сізден байсалдылықты талап етеді. Сәрсенбі күні қаржыға байланысты мәселелерді қолға алмаңыз.

Сарышаян

Осыған дейінгі атқарған еңбектеріңіздің көптен күткен нәтижесін осы аптада көріп қалуыңыз мүмкін. Сәрсенбі күні қаржылық, жұма күні отбасылық мәселелерді шешумен айналысасыз.

Мерген

Бұл аптада уақытыңыздың басым бөлігін демалыспен өткізуге тырысыңыз. Дүйсенбі, сейсенбі күндері кіші-гірім саяхатқа шығуға, ал бейсенбі қаржылай істердің басын қайыруға ыңғайлы.

Тауешкі

Сіз үшін мамырдың бұл аптасы сәтті өтеді. Дегенмен, кейбір таныстарыңыздан бойыңызды аулақ салғаныңыз абзал. Айналаңыздағы адамдарға сырыңызды айта бермеуге тырысыңыз.

Суқұйғыш

Дүйсенбі күні сізге бірнеше ұсыныс түсуі мүмкін. Дегенмен, қайсы ұсыныстың өзіңіз үшін пайдалы екенін мұқият саралап барып қана таңдаңыз. Сәрсенбі күнін қаржылық мәселелерді шешуге арнаңыз.

Балықтар

Уақытыңызды ұтымды пайдаланып кейбір тиімсіз істерге назар аудармауға тырысыңыз. Дүйсенбі күні пайдасы тиетін адамдармен танысып, сейсенбі күні шығармашылық талантарыңыз оянуы мүмкін.