16-22 қыркүйек аралығына арналған жұлдыз жорамал

481
көрілім

Тоқты

Жұлдыздар осы аптада Тоқтыларға жоғары көңіл сыйлап, істің алға басуына мүмкіндік жасаған екен. Орайлы сәтті мүлт жіберіп алмаңыз. Қазір қаржылық мәселелерді шешіп алуға әрекеттенсеңіз, дұрыс шешім. Талайдан бері армандап жүрген жұмысыңызға орналасып, ұнатқан адамыңызға сезіміңізді білдіруге болады.
Торпақ
Осыған дейін күмәнмен қарап жүрген жұмысты бастап көруге болады. Қазір тосын әрі оң шешім қабылдауыңыз әбден ықтимал. Жаңадан таныстық орнатсаңыз айтарлықтай пайдалы болуы мүмкін. Дегенмен қаржылық мәселелерге кезіксеңіз сақтық танытыңыз: қарыз алудың керегі жоқ.
Егіздер
Аптаның басында жүйкеге әсер етер жайттардан іргеңізді аулақ салыңыз. Неғұрлым қобалжуды азайтсаңыз, өзіңізге де жан-жақты ойлануға мүмкіндік туындайды. Махаббат шеңберінде жолыңыз болады, себебі өзіңізге бейтаныс жандармен жолығасыз. Олардың біреуіне сезіміңізді білдіріп қалуыңыз да ғажап емес.
Шаян
Осы апта сіз үшін қаржылық тұрғыдағы мәселелерді шешуге қолайлы болмақ. Нақтырақ айтқанда, қалтаны қалыңдатудың сәті түседі. Мұның барлығы сіздің табандылығыңыз бен кәсіби қызметтегі белсенділігіңіздің әсерінен жүзеге асады. Демалыс күндері дүкен аралап, керек-жарағыңызды сатып алыңыз.
Арыстан
Үй шаруашылығында апта бойына созылатын жұмыстар шығып қалады. Жұмысыңызда басшылық тарапы көп тапсырма беретіндіктен кейбір істерге бойүйрете алмай жатасыз. Отбасында да біршама түйткіл мәселелер болуы мүмкін, дегенмен қолға алған ісіңізді тиянақты орындағаныңыз абзал. Көмек қолын соза алатын адамыңыз болмай, жұмысты уақытылы орындай алмай қалсаңыз қапаланбаңыз.

Бикеш
Бұл аптаны кәсіби сауалдардың шешімін табуға жұмсасаңыз болады. Мейілінше жеке өміріңіз бен жұмысыңызды қатар қоймаңыз. Біреу-міреумен кездесіп, қарым-қатынас орнатуға тиімсіз уақыт.  Көтере алмайтын шоқпарды белге байлап, күрделі жұмыстарды өз мойныңызға алмағаныңыз абзал.
Таразы
Алдағы уақытта екі оттың ортасында қалуыңыз мүмкін. Сондықтан келеңсіз жайттардың алдын алу үшін ертерек қамданып, қандай жағдай болмасын, сақадай сай тұрыңыз. Өзгелерге жақсылық жасаймын деп шығынға ұшырап қалмаңыз.
Сарышаян
Отбасы мен баспана мәселесіне келгенде барыңызды салып, дұрыс шешім шығаруға тырысып, ұрыс-керістерден аулақ болыңыз. Аптаның соңына қарай үйге қажетті дүниелерді алып, тіпті жиһаздарды да жаңартып алуға қолайлы мерзім туындайды.
Мерген
Шығармашылық шабытқа байып қаласыз. Басты себеп – сізге тілеулес жандармен жиі араласуыңыз. Демалыс күндері дүкен аралап, отбасыңызбен көптен бері ала алмай жүрген заттарға қол жеткізуге болады. Киім-кешек алып жатсаңыз сүйіктіңізге де көңіл бөлгеніңіз жөн.

Тауешкі
Шегеріп жүрген шаруаларды біржақты етуге орайлы сәт. Кәсіби сұрақтарға жауап іздегенде тәжірибесі мол жақындарыңызбен кеңессеңіз артық етпейді. Апта соңына қарай достарыңыз жақсы жаңалық айтып, бас қосудың сәті түседі.
Суқұйғыш
Аптаның ортасына қарай өмірге деген жоспар құратын тиімді уақыт орнайды. Адалдықты ту етіп жүрген сізге күтпеген ұсыныстар түсуі мүмкін. Бәлкім, сіздің қабылдайтын шешіміңіз мансабыңызды бір жолға қоюға сеп болмақ. Жұмыс істеп жүріп түрлі ақпараттармен де қанық боласыз.
Балықтар
Өміріңізде айтарлықтай өзгерістер орын алмайды. Дау-жанжалдарға араласпай, бейтарап шешім қабылдауға тырысыңыз. Күн тәртібін реттеп, тынығатын уақытты да белгілеп қойыңыз. Сауықтыру әрекеттеріне ден қойып, тұла бойыңызды шынықтырып тұруды естен шығармаңыз.