16-22 желтоқсан аралығына арналған жұлдыз жорамал

760
көрілім

Тоқты

Мәнсап баспалдағымен жоғары көтерілуге мүмкіндік бар. Дегенмен жауапкершілік пен қосымша тапсырмалар да көбейе түседі. Осыған дайын болсаңыз белді бекем буып іске кірісіңіз. Бұл уақытта ұрыс-керіс пен келеңсіздіктерден бойыңызды аулақ ұстап, сақ болыңыз. Көптің назарын аудармай, дау-жанжалдардың алдын алуға тырысыңыз

Торпақ

Бұл кезде еңбек демалысында жүрген Торпақтар жуық арада қуанышты хабар естулері мүмкін. Қай істі қолға алсаңыз да қолайлы болайын деп тұр. Күш-қуатыңыз толысып, қыруар жұмыстар алдында әл жинайсыз. Ал жұмыстан бас алмайтын жандар болса барынша төзімді болуға тырысып баққан жөн.

Егіздер

Осы уақытта ең жақын деген туысқандарыңыз мазаңызды алып бітеді. Сізден көмек сұрап, сый-сыяпат дәметеді. Қандай жағдай болмасын, салқынқандылық сақтап, ашуға ерік бермеңіз. Жұмыста бос болса, құжаттарыңызды реттеп алғаныңыз жөн.

Шаян

Алдағы апта сіз үшін біршама күрделі, көңіл-күйіңізді түсірерліктей жәйттерге толы болмақ. Бәлкім, басшылық тарапы ескерту айтып, жалақыңызды да қысқартуы мүмкін. Аз-кем үзіліс алып, бос уақытыңызды достарыңызбен емен-жарқын өткізсеңіз құба-құп. Қазір сізден біреу-міреу қарызға ақша сұраса, әзірге бас тартқаныңыз жөн.

Арыстан

Жақын арада өз ортаңыздағы әлдекімдерден жағымсыз жаңалық естуіңіз мүмкін. Жүрегіңізге жақын алмаңыз. Түнек бұлт артынан арайланып күн шығатынын ескерсек, бар қиыншылықтар өткінші. Көп ұзамай осыған дейін ойыңызға да келмеген ерекше сыйлыққа ие болуыңыз да ғажап емес.

Бикеш

Өміріңізде өзгерістер болғалы тұр. Жаңа қызметке тұрудың сәті түсіп, әралуан ұсыныстар түсуі ықтимал. Тұрмысқа шығу, жаңа кәсіп ашу дейсіз бе, бәрі сәтімек болмақ. Өзгерістер жасауға жүрексінудің еш қажеті жоқ, себебі одан еш жамандық көрмейсіз. Басшылық қызметтегілер әріптестеріне барынша сыпайы болғандары дұрыс.

Таразы

Алдағы демалысыңызды жоспарлауға орайлы сәт. Мейілінше айдың соңына қарай тыныққаныңыз дұрыс, себебі бұл уақытқа дейін кейбір маңызды жұмыстарды біржақты етуіңіз керек. Қызметіңізді ойлап, жоспарлауды ұзаққа созып алмаңыз. Жүрек-қан тамырлары сырқаты бар жандар денсаулығына немқұрайлы қарамағаны жөн.

Сарышаян

Егер барыңызды салып бір нәтижесін шығарамын деген ісіңіздің күлі көкке ұшса, қапаланбаңыз. Тек сабырлық сақтап, сол уақытты өткере біліңіз. Апта ортасында сіз күтпеген адам қоңырау шалып, көмек сұрауы мүмкін. Қолдан келсе бас тартпаңыз.

Мерген

Әріптестеріңіздің арасында ісіңіз алға басып, беделіңіз де жоғарылайды. Алайда отбасында жақындарыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Өзіңіздікін дәлелдеймін деп пікірталасқа түскеннен гөрі кикілжіңнің алдын алғаныңыз дұрыс. Апта соңына қарай бәрі реттеледі.

Тауешкі

Осы кезеңде бәрі сіз жоспарлағандай болмауы мүмкін. Мәселенің шешімін таппай жатсаңыз бай-балам салудың қажеті жоқ. Сеніміңізге селкеу түспесін, себебі сіздің әлеуетіңіз айтарлықтай жоғары. Балаларыңызға мейірімділік танытып, қалаған затын алып беруге тырысыңыз.

Суқұйғыш

Осы уақытқа дейін өзіңізге жүктелген жұмыстарды бұлжытпай орындап, апта соңына қарай мақтау алуыңыз мүмкін. Алдымен бастығыңыз бір ауыз жылы лебізін айтса, уақыт өте келе сыйақы да тағайындауы ғажап емес. Оны қалаған затыңызды алуға жұмсасаңыз болады. Кейбір Суқұйғыштарға сүйіктісімен ара-қатынасын бұзбау үшін, біраз тәуекелге баруға тура келеді.

Балықтар

Балықтар соңғы уақыттары ерінбей еңбек етті, енді жақсылап бойжазып алса болады. Саяжайға барып, табиғат аясына шығып таза ауамен тыныстап қайтыңыз. Жалғызбасты Балықтардың жеке өмірінде өзгерістер болады. Оның ішінде екінші жартысын кезіктіруі әбден ықтимал. Егер алыс сапарға шыққан болсаңыздар абай болыңыздар.