18-24 мамырға арналған жұлдыз-жорамал

115
көрілім

Тоқты

Үй шаруасына көп уақыт бөліңіз. Есесіне сол кездегі еңбегіңіз өзіңізге оң ықпал етіп, түбі игі істерге жетелейді. Көмек қолын созған адамдарға иек артпай, керісінше, берілген бұрыс бағдардан сақ болыңыз. Олар не істесе де шын ниет танытпайтындықтары бірден байқалады.

Торпақ

Мәселе дұрыс шешімін табуы үшін әліптің артын баққаныңыз дұрыс. Асқазан ауруы мазалап жүрген Торпақтарға төзімділік қажет. Көңіліңіз соқпаса да дәрі-дәрмектер қабылдамай сырқатыңыз басылмайды. Ең дұрысы, көп уақытыңызды таза ауада өткізіңіз, сонда біршама жеңілдеп қаласыз.

Егіздер

Көмегіңізге жүгініп, ақыл-кеңес сұрайтын жандар болуы мүмкін. Қолұшын беру-бермеу өз еркіңізде. Неғұрлым маңызды жоспарлар бекітіңіз. Ойлағаныңыздың барлығы іске асатындығына еш күмән келтірмеңіз. Қаражат жағы мазаласа, достарыңыздан қарызға ақша сұрауға асықпаңыз.

Шаян

Жуық арада ұсақ-түйек шаруалар қаптай түседі. Бәлендей қиындық туғызбаса да шектен тыс мазалап жіберуі мүмкін. Әсіресе жолға шыққанда абай болыңыз. Мүмкіндігіңіз болса, көбірек игі істер атқаруға тырысыңыз. Жасаған жақсылықтарыңыз түбінде еселеп қайтатынына күмән келтірмеңіз.

Арыстан

Осы кезеңде өзіңіз жаңашылдыққа аяқ басып, жаңа бір бағыттың қақпасын ашқандай боласыз. Дегенмен жаңа таныстықтар орнатуға асықпаңыз. Іскерлік мақсатта, қызметтік мәнсабыңызға қатысты ұсыныстар түссе бас тартпағаныңыз жөн. Күтпеген кездесуге әркез әзір жүріңіз.

Бикеш

Жұмысыңызды үнемі бірінші орынға қоясыз. Бұл қадамыңыз да дұрыс, қызметіңізде жоғарылайсыз. Десе де бірыңғай шаруаға ден қойып, отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Әйтпесе Құдай қосқан жарыңыз ренішін білдіруі мүмкін. Әріптестеріңізбен әңгіме-дүкен барысында артық сөздер айтып қоюдан сақ болдыңыз.

Таразы

Бұл кезеңде кімдермен қоян-қолтық араласасыз, соны мұқият ескеріңіз. Қазір сізге кез келген адам түрліше ықпал етуі мүмкін. Сүйіктіңізге қабақ шытып, дөрекілік танытудан аулақ болыңыз. Тәкаппарлық пен даңғойлық еш жақсылық әкелмейді. Таза ауада жиі серуендеңіз.

Сарышаян

Тұрақсыз кезең болғалы тұр: бүгін күтпеген жерден марапат алсаңыз, ертең әлдебіреудің айтқан сөзі қуанышыңызды сап тыюы мүмкін. Абзалы, болған жайттың барлығын сабырлылықпен қабылдаңыз, сонда жағдай бір қалыпқа түспек. Қайырымдылықпен айналысар болсаңыз, түбі бір игілігін әкеледі.

Мерген

Алда ұмытылмас кезеңдер күтіп тұр. Түрлі іс-шаралар, жарқын кездесулер өтіп, сізді де шақыруы мүмкін. Осының бәріне куә болған соң біраз серпіліп қаласыз. Оңтайлы ұсыныстар түссе, ойланбастан қабыл алыңыз. Бастапқыда ұсыныстың алды тұман болуы мүмкін, алайда түбінде тәуекелге барасыз.

Тауешкі

Көңіл-күйіңізді түсіретін жайттар сағыңызды сындырмасын. Эмоциялық тұрғыда салқынқандылық сақтай біліңіз. Мұндай өтпелі кезеңді ойдағыдай өткеруге шығармашылық ізденістер себепкер болуы мүмкін. Денсаулығыңызға мән беріңіз. Өзіңізді жайсыз сезінсеніз бірден ақ халаттыларға жүгінгеніңіз абзал.

Суқұйғыш

Суқұйғыштарға қиын таңдау жасау қажет болады: сүйіктіңізбен қош айтысасыз немесе қайта көңіл жарастырасыз. Бұл жерде достарыңыздың емес, жүрегіңіздің айтқанына құлақ асыңыз. Осыған дейін сағызша созылып келген қаражат мәселесі шешімін таппақ. Демалыста үйдегі шаруаға көңіл бөліңіз.

Балықтар

Қазір осыған дейін кеткен қателіктермен жұмыс істеп, бір қорытынды шығаратын кезең. Олқылықтармен жұмыс істей білген Балықтар үшін мұның барлығы алдағы үлкен өмірінде тәжірибе болады. Қазірден бастап еңбек демалысыңызды қалай өткізетініңізді жоспарлай бергеніңіз дұрыс.