19 шағын ауданындағы саябақ маусым айының соңына дейін салынып бітеді

1573
көрілім


Қаладағы жаңа саябақ «Өскемен» аллеясының жалғасы болып саналады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі уақытта 19 шағын ауданында  абаттандыру жұмыстары  жалғасуда. Бұған дейін ол аумақта «Өскемен» аллеясымен қатар Тәуелсіздік монументі бой көтерген болатын. Жаңа саябақ Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың есімімен аталады.

– Жұмыс қарқынды түрде жалғасын табуда. Бір жарым ай ішінде осы саябақтың құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақтың ауданы - 1,5 гектар. Қазірдің өзінде мұнда жарықтандыру бағаналары орнатылып, 370 түп ағаш отырғызылып, төрт субұрқақ салынған.

– Саябақ ішіне заманауи архитектуралық мүсіндер мен Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш те қойылады, – деді «Gemba» ЖШС бас инженері Бақыт Рақышев.