1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

314
көрілім

"Қазгидромет" РМК 1 қараша күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, бүкіл Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елімізде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерде жаңбыр мен қар жауады. Кей аймақта жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік-батыс және солтүстікте көктайғақ болса, солтүстікте - жаяу бұрқасын, оңтүстікте - найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Осы күні күндіз Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысында таңертең және күндіз жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.