1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

3902
көрілім

 

Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мейрам барлық елде 1950 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бұл күні жер-жерде балаларға арналған мәдени шаралар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйланады.

Біздің елімізде биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2022 жыл — Балалар жлы болып белгіленгені мәлім.
Бүгінгі бала – елдің ертеңгі тірегі, үкілеген үміті. Сондықтан өскелең ұрпақтың білімі терең, дені сау болуы маңызды. Бұл ретте Әлеуметтік медицианлық сақтандыру қоры кішкентай тұрғындардың сапалы, әрі уақытылы медициналық қызметпен қамтылуын мүлтіктсіз қадағалап отырады.

Шығыс Қазақстанда соңғы жылдары балалар денсаулығына аса үлкен көңіл бөлініп келеді, бұл ретте қаржыландыру көлемі де арта түсуде.

Өңірде қазіргі уақытта 370 мыңнан астам бала өмір сүреді. Жыл сайын аймақта 20 мыңға жуық сәби өмірге келуде. Бұл қз кезегінде көптеген медициналық қызметтердің көкжиегін кеңейтті.

Биыл балаларды оңалтуға, мектеп медицинасы бағытына, және нәрестелерді скринингтік зерттеулермен қамту бағытында айтарлықтай басымдықтар бар. Бұл ӘМСҚ тарапынан қолға алынған «Сүйікті бала» арнайы жобасын аясында іске асып отыр. Жаңа нысандар ашылды, оны ішінде Семей қаласындағы катамнез және Оңалту орталығын атап өтуге болады.

Жалпы атап өткен жөн, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санаттағы қызмет алушылар болып саналады. Және әр бала үшін төлемді мемлекет жасайды.

Құрметті бүлдіршіндер!

Сендерді 1 маусым " Балаларды қорғау" күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта аспандарың ашық, дендерің сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспіз!

Ізгі тілекпен, ШҚО ӘМСҚ филиалы директоры Ғалымжан Әбілов