1 сәуірден бастап айыппұл туралы хабарлаудың жаңа екі әдісі енгізіледі

9310
көрілім

Қазақстанда 2023 жылғы 1 сәуірден бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 6 ақпандағы заңға сәйкес, айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама оны "Электрондық үкімет" пайдаланушысының жеке кабинетіне жіберген кезде және "Электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне SMS жіберген кезде тиісті деп танылады.

Осылайша, айыппұлдар туралы хабарламалар екі жолмен келеді: Egov жеке кабинетіне және құқық бұзушының телефонына.

Бұған дейін хабарламалар "Электрондық үкіметтің" веб-порталында немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде, автокөлік иесі көрсеткен мобильді нөмірге SMS түрінде ғана жіберілген болатын.

Әлижан Төлеужан