Қазақстан Республикасының жақын көршісі әрі стратегиялық серіктесі – Ресей Федерациясы болып табылады. Ресей мен Қазақстан арасын жалғайтын шекара 7,5 мың шақырымнан астам жерді алып жатыр. Ресей Федерациясының 12 субъектісі (Алтай өлкесі, Астрахань, Волгоград, Қорған, Новосибирск, Омбы, Орынбор, Самара, Саратов, Тюмень және Челябинск облыстары) Қазақстанның жеті аймағымен шекаралас (Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан).
Шекаралық ынтымақтастық жөніндегі форумдарды өткізу дәстүрі 2003 жылы пайда болды, бірақ Үкіметаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссия 1997 жылы құрылған болатын. Екі елдің бірлігін нығайтып, арасын жақындату үшін ортақ шекараның бойындағы экономикалық және басқа да қызметтерді реттеу қажеттілігі туындады. Бұл мақсатта Омбы қаласында форум ұйымдастырылды.
2010 жылы Өскеменде Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының VII форумы өтті. Форумның ұраны – «Тұрақты даму және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық» болды. Форумның өткізілу орны ретінде – республика бойынша инновациялық жобаларды дамытуда және технопарктер құру бойынша көшбастап тұрған Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті таңдалды. Олардың бірі болған – «Алтай» университ кешенінде орналасқан. ШҚМТУ аумағында көрме ұйымдастырылып, оған Дмитрий Медведев пен Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Кездесуді ашқан Қазақстан Президенті: «Өңіраралық ынтымақтастықтың VII форумы ерекше маңызға ие. Бұл форум жаңа тарихи жағдайда бірінші рет өткізіліп отыр, өйткені осы жылдың шілде айынан бастап Ресей, Беларусь және Қазақстан кіретін Кеден одағы іс жүзінде өз жұмысын бастады. Кеден шекаралары толығымен ашылып, үш мемлекетке ортақ кодекс іске қосылды. Бұл біздің елдеріміздің өңірлері арасындағы тікелей байланыстардың дамуына жаңа серпін береді».
Екі ел басшылары Ресей мен Қазақстанның экономикасы негізделген шикізатты өндіру және өңдеу тұрақты даму үшін жеткілікті әлеуетті қамтамасыз етпейтінін атап өтті. Сондай-ақ, форумда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, нанотехнология және полиметалл кендерін байыту саласындағы жоғары технологиялар ұсынылды.