2012 жыл. Шемонаиха Президентпен сөйлесті

336
көрілім

2007 жылы әлем АҚШ-тағы қаржы дағдарысының салдарынан ұзаққа созылған экономикалық құлдырау кезеңіне түсті. Сол кезде сарапшылар өндіріс көлемінің төмендеуі және экономикалық өсімнің бәсеңдеуі Екінші Дүниежүзілік соғыстан бері ең ұзақ және ең ауыр болатындығын ескертті.

Кейбір елдерде дағдарыс кезінде барлық жүк қарапайым халыққа түседі. Олардың жалақысы қысқарып, жұмыс орындарының саны азаяды.

Осы кезде Қазақстан басқа жолды таңдады. Жұмыс орын қысқарту емес, керісінше ашу – бұл біздің республикамыздың «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген стратегия.

2012 жылы Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл бағдарлама біздің өңірде қалай жұмыс істеп жатқандығын сұрады. Ол Шемонаиха қаласында көкөніс және жеміс-жидек консервілерін өндіретін цех ашқан кәсіпкер Владимир Степаненковпен сөйлесті. Кәсіпкер «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты арқылы 3 миллион теңге рәсімдеп, арнайы жабдықтар сатып алып, дүкенін қайта жаңартады. Оның Шемонаихада бәсекелестері жоқ.

Шемонаихалықтардың жетістігі Нұрсұлтан Әбішұлының қызығушылығын тудырды. Президентке Шемонаиха ауданымен телекөпір орнатылды. Мемлекет басшысы «Камышинское» шаруа қожалығының иесі Владимир Акуловпен сөйлесті. Владимир Акулов – жаңа бағыттағы бизнесмен. Бұрынғы ветеринар қырдың қызыл сиырын өсіру үшін ең республикадағы ең жақсы шаруа қожалығын құрған. Осылайша, «Камышинское» шаруа қожалығы бір сауын суырдан орташа сүт сауу көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасында жетекші орындардың бірін алды. Владимир Акулов ұйымдастырған кәсіпорын қызметкерлеріне сыйақылар табысталып, санаторийлер мен демалыс орындарына жолдамалар беріліп отырды.

ШҚО кәсіпкерлері өз азаматтарына жұмыс орындарын құрып қана қоймай, оларға қамқорлық жасады.

Материалды әзірлеген Ирина Плотникова