2012 жыл. Спорт саңлағы

344
көрілім

Бір қарағанда мемлекеттің ары қарайғы дамуы үшін аса қажетті емес және қалтаңызға да оңай түспейтін сала бар. Алайда онсыз ұлттың қадірі мен беделінің көтерілуін елестету мүмкін емес. Тіпті, керек десеңіз ұлттың саулығы да осы ортаға байланысты. Әңгіме ауаны не туралы екенін байқаған боларсыз? Әрине, спорт жайлы!

Ольга Рыпакова 1984 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінен Ольга спортпен шұғылданатын балаларға арналған мектепке барып, жеңіл атлетикамен тұрақты түрде айналысады бастайды. Ол спорттағы бірінші жеңісін 2007 жылы ұлттық жеңілатлеттер құрама командасының сапында жүргенде алады. Дегенмен, әрбір спортшы Олимпиада шыңынан көрінуге ұмтылатыны айдан анық.

Ольга Рыпакова 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарында жеңістің биік тұғырынан көрініп, дүйім жұртты қуантты. Ол олимпиада да үш қарғып секіруден «алтын» жүлде иегері атанды. Бұл ел қоржынын толықтырған алтыншы «алтын» болды.

Елбасы жеңіл атлетімізді «Барыс» орденімен марапаттай отырып, жеңісімен шын жүректен құттықтады.

Спорттық өмір қысқа. Бір спортшының бірнеше олимпиада ойындарынан бой көрсетуі сирек кездеседі. Ольга Рыпакова 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына қатысып, қола жүлдегер атанды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандық олимпиадашыларға құрмет көрсете отырып былай деді: Ольганың «қола» жүлдесі біз үшін «алтынмен» пара пар. Неліктен? Себебі, ол Лондон мен Риода өткен екі олимпиаданың арасында алтын асықтай ұлын жарық дүниеге әкеліп үлгерді. Ол барлығы екі баланы өмірге әкелгеніне қарамастан, дарынын жоғалтпай, спорттағы қасиеттерін де сақтап қалды. Жарайсың! Ең алдымен — ана! Екіншіден, батыр! Яғни, батыр-ана!

Үздік атанған спорт саңлақтары ұлт мақтанышына айналатыны сөзсіз. Олардың жетістіктері жастарды еңбектенуге, жеңілістен кейін қайта тұруға үйрететіні хақ. Сонымен бірге, күнделікті өмірді салауатты өмір салтын ұстануға да баулиді.

Материалды әзірлеген Ирина Плотникова