2017 жыл. Президент ШҚО-ны жақсы көретіндігін айтты

1351
көрілім

2017 жылдың шілде айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Осы жолы Өскемен Елбасыны Сәтпаев даңғылындағы «Нұрлы жол» саябағының ашылуымен қуантты. Саябақ алаңы 7 айда адам танымастай өзгерді. Ең қызығы ол жерге үлкен ағаштар отырғызылған. Бұл арнайы техниканың арқасында жүзеге асты.

Саябақтың ортасында Шілікті, Берел қорғандарында табылған археологиялық жетістіктердің көрмесі ұйымдастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Елбасы облыс халқының 99%-ы балабақшамен қамтамасыз етілгендігі республика бойынша бірінші орынға ие екендігін айтты.

— Мен Шығыс Қазақстан облысын жақсы көремін, — деді Презиндент, — Себебі бұл өңірде металлургия, химия, түсті металл, ауыл шаруашылығы, машина құрау сынды салалардың барлығы қамтылған.

Біз де өз өңірімізді жақсы көреміз. Сүйікті өлкемізде әрқашан жаңа саябақтар ашылып, жаңа жоғары технологиялық өндірістер құрылып, археологиялық ашулар көбейе берсін. Шығыс Қазақстан жылдан жылға өсіп, дами берсін.

Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірменді жерлестер!

Материалды әзірлеген Ирина Плотникова