2017 жыл. ҮМЗ – аз байытылған уранның әлемдік банкі

378
көрілім

Халықаралық уран нарығы тұрақсыздыққа түсті. Кейбір елдерде атом электр станцияларының қалыпты жұмыс істеуі үшін отынның жеткіліксіз болу мүмкіндігі туындады, ал АЭС жұмысындағы технологиялық ақаулар өте қауіпті. Әлемге осындай дағдарыстарды болдырмайтын аз байытылған уран банкін құру қажет болды. Сөзсіз, осындай банк тек тек бейбіт елде орналасу керек. Себебі ол жерде ешкім осы отынды атом бомбасын өндіру үшін пайдалана алмайды.

Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет. Бұл шешім 1992 жылы қабылданды. Біз ешкімге қауіп төндірмейтін бейбіт елміз. Сонымен қатар, Қазақстан атом өнеркәсібінде мол тәжірибеге ие.

Үлбі металлургиялық зауыты Кеңес дәуірінен бері атом электр станцияларына отын дайындап, КСРО атом өнеркәсібінің дамуына мол септігін тигізді. Сондықтан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік осындай банктің біздің республикамыздың аумағында орналасуын қолдады.

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан Үкіметі аз байытылған уран банкін орналастыру туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен жасалған келісім жобасын мақұлдады. Осы кезде қала тұрғындарының Өскеменде ядролық қалдықтардың үйіндісі болатындығы уайымы босқа болды. Себебі банкке ҮМЗ-да күн сайын өндірілетін ураннан басқа, қауіптілігі әлдеқайда аз жаңа отын орналастырылды. Сөйтіп, Үлбі металлургиялық зауыты Атом электр станциясына арналған әлемдік отын қоры сақталған жерге айналды. Бұл Қазақстан үшін өте беделді жоба болса, өскемендіктерге жаңа жұмыс орындары болды.

2017 жылдың тамыз айында Нұрсұлтан Назарбаев Астанада телекөпір арқылы Өскемен қаласында аз байытылған уранның әлемдік банкін ашты.

Материалды әзірлеген Ирина Плотникова