2018 жылы төленетін жәрдемақылардың көлемі

1580
көрілім

Елімізде жәрдемақы мөлшері жыл сайын артып отыратыны белгілі. 2018 жылы да бұл дәстүр жалғасын тауып игі үрдіс сақталды. Биылғы жыл мүгедектерге бірқатар жаңалық әкелмек. Атап айтсақ, осыған дейін олар екі түрлі жәрдемақы алып келсе, енді ол біреу болып өзгертіліп, нәтижесінде төлемақыны тағайындауға қажетті құжаттар саны екі есеге қысқарады.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда жәрдемақының екі түрі бар. Оның бірі асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін әлеуметтік жәрдемақы, екіншісі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, қуғын-сүргін құрбандарына және белгілі бір халық санаттарына төленетін арнайы жәрдемақы. Біз бұл жөнінде бұған дейін газетіміздің 2017 жылдың 21 желтоқсанында жазған болатынбыз. Ол кезде біз мүгедектер, асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы алатын азаматтарға берілетін төлемдердің ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты екенін жазып, 2018 жылдан бастап мүгедектерге берілетін екі төлем, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептелетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен айлық есептік көрсеткіштің деңгейіне байланысты арнаулы жәрдемақы біріктірілетінін, бірақ бұдан ол азаматтардың еш ұтылмайтынын, тек оны беру үрдісінің оңтайландырылатынын атап өткенбіз.

Мұнымен қатар мемлекеттен төленетін басқа да материалдық көмек түрлері бар. Мысалы, мұндай көмек түрлеріне, бала күтімімен декреттік демалыста отырған әйелдерге берілетін төлемдер жатады.

Бұл төлемдер арнайы формуламен есептеледі. Есептеу негізіне жоғарыда айтып өткендей ең төменгі күнкөріс деңгейі, не болмаса айлық есептік көрсеткіш алынады. Ал аталмыш көрсеткіштер жыл санап өсіп отыратыны белгілі. Сәйкесінше жәрдемақылардың да көлемі ұлғайып отырады. «Республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес 2018 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 284 теңгеге, ал айлық есептік көрсеткіш 2 405 теңгеге тең. Әлеуметтік жәрдемақының көлемін білу үшін ең төменгі күнкөрісті белгілі бір коэффицентке көбейтіледі. Ал арнайы жәрдемақылар айлық есептік көрсеткішпен есептеледі.

2017 жылы барлық жастағы мүгедектер әлеуметтік және арнайы жәрдемақы алып келсе, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар біріктіріліп мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақы деп аталатын болады. Дегенмен, бұдан берілетін жәрдемақы көлемі кеміп қалмайды! Бұл жәрдемақыны есептеуде де айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

Газетіміздің бұл нөмірінде мүгедектерге, асыраушысынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ жүктілік, босану және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақылар жайын тілге тиек етпекпіз. Ал оқырмандарымыздың жәрдемақы түрлерінің қалай өзгергенін анық білуі үшін олардың 2017 және 2018 жылдардағы көрсеткіштерін салыстырмалы түрде беруді жөн көрдік.

Газетіміздің келесі нөмірінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, олардың жесірлеріне, жауынгер-интернационалистерге және басқа адамдарға берілетін арнайы жәрдемақы жайында жазатын боламыз.

Мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы

Жәрдемақы алуға құқығы бар адамдардың санаттары

2017 жылғы төлемдер көлемі – әлеуметтік және арнаулы жәрдемақы қосқанда, теңгемен

2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының көлемі, теңгемен

Жалпы сырқаттан және еңбекте мертігуден мүгедек болғандар (І-топ)

46 919

54 306

Жалпы сырқаттан және еңбекте мертігуден мүгедек болғандар (ІІ-топ)

37 380

43 275

Жалпы сырқаттан және еңбекте мертігуден мүгедек болғандар (ІІІ-топ)

25 423

29 416

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

34 221

39 598

Бала жасынан мүгедектер (І-топ)

46 919

54 306

Бала жасынан мүгедектер (ІІ-топ)

38 847

44 972

Бала жасынан мүгедектер (ІІІ-топ)

29 337

33 941

16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар (І-топ)

46 919

54 306

16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар (ІІ-топ)

38 847

44 972

16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар (ІІІ-топ)

29 337

33 941

Чернобыль АЭС-гі және басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық және әскери бағыттағы ядролық қаруды сынайтын нысандардағы авариялар кезінде мүгедек болып қалғандарға (І-топ)

68 740

79 479

Чернобыль АЭС-гі және басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық және әскери бағыттағы ядролық қаруды сынайтын нысандардағы авариялар кезінде мүгедек болып қалғандарға (І-топ)

58 712

67 882

Чернобыль АЭС-гі және басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық және әскери бағыттағы ядролық қаруды сынайтын нысандардағы авариялар кезінде мүгедек болып қалғандарға (І-топ)

49 173

56 851

Асыраушысынан айырылу бойынша берілетін жәрдемақы

Жәрдемақы алуға құқығы бар адамдардың санаттары

2017 жылғы жәрдемақы көлемі, теңгемен

2018 жылғы жәрдемақы көлемі, теңгемен

Бір жұмысқа жарамсыз отбасы мүшесі бар асыраушысынан айырылғандарға

21 035

24 325

Екі жұмысқа жарамсыз отбасы мүшесі болса

36 444

42 144

Үш жұмысқа жарамсыз отбасы мүшесі болса

45 250

52 326

Төрт жұмысқа жарамсыз отбасы мүшесі болса

47 940

55 437

Бес жұмысқа жарамсыз отбасы мүшесі болса

49 652

57 417

Алты және одан да көп жұмысқа жарамсыз отбасы мүшесі болса

51 609

59 680

Тұл жетімдерге

28 862

33 376

Жасына байланысты тағайындалатын жәрдемақы

Жәрдемақы алуға құқығы бар адамдардың санаттары

2017 жылғы жәрдемақы көлемі, теңгемен

2018 жылғы жәрдемақы көлемі, теңгемен

Зейнеткерлік жасқа жеткенімен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы жоқ азаматтар (мысалы, жұмыс өтілінің жоқтығы және басқа да себептер)

12 719

14 708

Жерлеуге төленетін бірреттік төлем

(Қаражат жерлеу рәсімін өткізген адамға аударылады)

Жәрдемақы алуға құқығы бар адамдардың санаттары

2017 жылғы жәрдемақы көлемі, теңгемен

2018 жылғы жәрдемақы көлемі, теңгемен

— Зейнетақы;

— Базалық зейнетақы төлемін;

— Мемлекеттік жәрдемақы;

— Мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын мүшесі қайтыс болған отбасыларға

35 624

37 759

Мүгедек және Ұлы Отан соғысы ардагері болған мүшесі қайтыс болған отбасыларға

83 046

88 023

Балаларға берілетін жәрдемақы

Жәрдемақы алуға құқығы бар адамдардың санаттары

2017 жылғы жәрдемақы көлемі, теңгемен

2018 жылғы жәрдемақы көлемі, теңгемен

Бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін бірреттік мемлекеттік жәрдемақы

86 222

91 390

Төртінші бала туғанда берілетін бірреттік мемлекеттік жәрдемақы

142 947

151 515

Бір жасқа дейінгі баланы күтіп-бағу бойынша төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы

13 070 — бірінші балаға

15 452 — екінші балаға

17 812 — үшінші балаға

20 195 — төртінші және одан кейінгі туған балаларға

13 853 — бірінші балаға

16 379 — екінші балаға

18 880 — үшінші балаға

21 405 — төртінші және одан кейінгі туған балаларға

Отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінен төмен болған жағдайда балаларға ай сайын берілетін мемлекеттік жәрдемақы

2 382

2 526

*Жәрдемақы тек декреттік демалысқа дейін жұмыс істемеген және істесе де, минималды жалақы алған әйелдерге төленеді.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ