2020 жылы ШҚО арқылы жүретін пойыздар жаңартылады

293
көрілім

Жаңа пойыз вагондары «Тұлпар-Тальго» ЖШС-де жасалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«ҚТЖ» ҰК АҚ мамандарының мәлімдеуінше, жаңа 50 жолаушы вагондары сатып алынбақ.  «Тверск вагонқұрастыру зауытының» технологиясымен жасалған «Тұлпар-Тальго» ЖШС вагондары енді теміржол рельстеріне шығатын болады.

Жаңа вагондардың есебінен Шығыс Қазақстан аумағынан өтетін жолаушы пойыздарының составын жаңарту да жоспарға алынды.

Компания қызметкерлерінің сөзінше, бүгінгі таңда 1990-2017 жылдары жасалған вагондар қолданыста келеді.