2020 жылы Ұлан ауданында жеке сектордан сүт сатып алу 10,2 тоннаға артады

402
көрілім

ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аймақ экономикасын дамытудың негізгі қозғаушы күші - ауылшаруашылығы екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы ауданда ауылшаруашылық өнімі 34,6 миллиард теңгені құрады (өсім 13,4%). Соның ішінде өсімдік шаруашылығы - 13,3%, мал шаруашылығы - 13,4%. Ірі қара мал басы - 4,3%, жылқы - 11,1%, құс өсіру 6,5%-ға өскен.

Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, соңғы 3 жылда облыста 5 сүт фермасы салынып, пайдалануға берілді. 2019 жылы «Тоғанас», «Режебалиева» және «Бастау-41» сүт фермаларын қайта жабдықтау және салу жұмыстары аяқталды. Сүт бағытындағы сауын сиырлардың санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2019 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 26,4 мың бас болады деп жоспарланып отыр.

Облыста 11 сүт қабылдау пункті бар. 2018 жылы өткізілген сүт көлемі 5,7 мың тоннаны құрады. Биылғы жылы жеке сектордан сүт сатып алу 7,2 тоннаға дейін жетті. 2020 жылы Ұлан ауданының агроөнімдік кешенін дамыту тұжырымдарына сәйкес тұрғындардан сүт сатып алу жоспары 10,2 мың тоннаға жетеді.

Сонымен қатар, 2020 жылы тағы екі сүт қабылдау пункті ашылады деп күтілуде.