20-26 қараша аралығына арналған Жұлдыз жорамал

663
көрілім

Тоқты

Туған-туыстарыңызбен дау-жанжалға бармауға тырысыңыз. Бұл аптада бойыңыздағы артық күш-қуатты жағымсыз әдеттерден құтылуға арнаңыз. Бос уақытыңызды тынығуға арнағаныңыз абзал.

Торпақ

Көңіліңізге жақпаған адамдардың сөздерін қаперіңізге алмауға тырысыңыз. Бойыңыздағы ашу-ызаны басқа бағыттағы жағымды істерге жұмсаңыз. Апта соңында үйде отырмай, белсенді демалыңыз.

Егіздер

Денсаулыққа көбірек көңіл бөліп, дәрігер кеңесіне көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Таза ауада жиі серуендеп, спортпен шұғылданыңыз. Жақын адамдарыңызға да назар аударуды ұмытпай, ықыласыңызға бөлеңіз.

Шаян

Қандай жағдай болмасын салқынқандылық танытып, әр әрекетті ақылмен істегеніңіз абзал. Кез келген адамға уәде бере беруден аулақ болыңыз. Бос уәделер кейбір адамдардың сізге деген сенімін жоғалтады.

Арыстан

Апта ортасы жемісті болады. Бұл мезгіл қаржылық жағдайыңызды реттеуге өте қолайлы кезең. Қомақты сауда жасау мүмкіндігі туып қалса, өзіңізге қажетті зат сатып алудан бас тартпаңыз.

Бикеш

Кез келген ақпаратты ой елегінен саралап алғаннан кейін ғана таратқаныңыз абзал. Айналаңыздағы адамдардың барлығының сізге деген көзқарасының оңды еместігін ойыңыздан шығармаңыз.

Таразы

Дүйсенбі күні қаржылық мәселелерді шешуден аулақ болыңыз. Сәрсенбі тынығуға қолайлы күн. Аптаның ортасы болса да бұл күнді тынығуға арнап, кітап оқып, рухани дамуға уақыт бөліңіз.

Сарышаян

Сізге үнемі айналаңыздағы адамдардың назары қажет, сондықтан жаңа таныстықтар орнатуды есіңізден шығармағаныңыз абзал. Апта соңына қарай көптен көрмеген туыстарыңыз қонаққа келуі мүмкін.

Мерген

Күдікті істерге қатыспай күнделікті жоспарларға сай әрекет етіңіз. Мерген қашан да тез шешім шығаруға бейім. Дегенмен, бұл аптада сақтық шараларын қамдап, әр істі саралап алғаныңыз абзал.

Тауешкі

Бұл белгі өкілдерінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауы қиын. Дегенмен қай ортада болмасын әңгімеге араласып, адамдардың оңды көзқарастарына ие болуға тырысқаныңыз дұрыс.

Суқұйғыш

Басшылыққа қарсы келмей, берген тапсырмасын ұқыптылықпен орындаңыз. Тәуекелге баруға жүрексінесіз, дегенмен өмір тәуекелсіз болмайды. Сондықтан бәс тігуге батыл кірісіңіз.

Балықтар

Аптаның басында абыройыңызға нұқсан келтіретін бір жағдай орын алуы мүмкін, сондықтан бұл күні қандайда бір кикілжіңдерден алыс жүргеніңіз абзал. Апта соңында жағдай қалпына келеді.