20-26 мамыр аралығына арналған Жұлдыз жорамал

435
көрілім

Тоқты

Бұл аптада үй ішіндегі жұмыстарды алдыңғы қатарға қоясыз. Өз денсаулығыңызды күткеніңіз абзал. Бойыңыздағы созылмалы дерттеріңіз асқынып кету қаупі басым. Өзіңізге тым көп салмақ арта бермеуге тырысыңыз.

Торпақ

Болмашы нәрсеге бола алаңдамауға тырысыңыз. Бұл аптада жақын адамдарыңыздың кері әрекетіне тап болуыңыз мүмкін. Дегенмен ашуға бой алдырмаңыз. Ең дұрысы аталмыш кезеңді демалыстарға арнап өткізгеніңіз.

Егіздер

Жұмысбастылыққа салынып кетуіңіз ықтимал. Тапсырма көбейіп, оларды орындайтын уақытыңыз болмай кетеді. Дегенмен саспаңыз, кейбір атқарылмай жатқан жұмыстарға көмектесуді таныстарыңызға тапсырыңыз.

Шаян

Өміріңізді өзгерту жоспарын сәл кейінге қалдырыңыз. Бұл аптаны тыныш қалыпта өткізгеніңіз дұрыс. Басы бос шаяндар бұл аптада өмірлік серіктерін де жолықтырып қалуы ғажап емес.

Арыстан

Бұл аптада барлық маңызды кездесулерді түске дейінгі уақытқа белгілеуге тырысыңыз. Өйткені олардың берер нәтижесі жақсы болмақ. Түстен кейінгі уақытты демалыстарға арнағаныңыз дұрыс.

Бикеш

Бойыңыздағы күш-қуатты босқа жұмсамағаныңыз жөн. Маңызы жоқ жұмыстарға уақытыңызды босқа кетірмегеніңіз дұрыс. Бұл аптада жоспарда болмаған кіші-кірім сапарларға шығып кетуіңіз ықтимал.

Таразы

Бұл апта таразылар үшін сәтті апта болмақ. Қалаған нәрсеңізге күш жұмсамай-ақ жету мүмкіндігіне ие боласыз. Достарыңызбен кездесіп, өзіңізге деген уақыттың мөлшерін көбейтіңіз. Басшылықпен кикілжіңге келмеңіз.

Сарышаян

Бұл аптада сәттілік сіздің жағыңызда болмауы мүмкін. Дегенмен, көңіліңіздегі сенімді жоғалтпаңыз. 23-24 мамыр күндері үйңізге қомақты табыс келуі мүмкін. Оның бір бөлігін өзіңізге жұмсап, көңіліңізді көтеріңіз.

Мерген

Өткен кезеңде жіберген қателіктеріңізді бір сәт мойындап, оларды саралаңыз. Мәселенің шешемін білетін адамдардан ұялмай көмек сұраңыз. Өзгелерді сөкпес бұрын алдымен ойланып алғаныңыз абзал.

Тауешкі

Бұл апта кез-келген келіссөздерді жүргізіп, араздықты жоюға қолайлы кезең. Бұл аптада сізге ренжіп жүрген адамдардың барлығы кешірімді болары анық. Қалтаңыздағы қаржыны оңды-солды шашпай, ақылмен ұстаңыз.

Суқұйғыш

Басы артық қимыл жасамауға тырысыңыз. Айналаңыздағы адамарды тағы бір саралаңыз. Кімнің дос, кімнің қас екенін анықтап алыңыз. Бұл аптада денсаулығыңызды күткеніңіз жөн.

Балықтар

Кейінге қалдырып келе жатқан кейбір жұмыстардың басын осы аптада қайырыңыз. Ал апта соңына қарай тыныш көңілмен жақсы демалыңыз. Бұл аптада дос-жарандарыңызбен көптеген кездесулер болуы мүмкін.