20 минутта тіркелу

336
көрілім

Онлайн-тіркеудің жаңа форматы мекенжайға тіркелуді 20 минутта жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

2018 жылдың наурыз айынан бастап ел азаматтарын онлайн-тіркеу үрдісі бар-жоғы 20 минутқа созылатын болды. Жылжымайтын мүлік иесі мен оған тіркелгісі келетіндер egov.kz порталында тіркеліп, өздерінің өтініштерін электронды-цифрлық қолтаңба арқылы мақұлдай алады. Өтініш 10 минут ішінде қаралған соң жаңа тұрғылықты жері бойынша деректері көрсетілген мекенжай анықтамасын ала беруге болады.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа Салық кодексіне сәйкес жыл басынан бері мекенжайға тіркелу үшін төленетін мемлекеттік алым алынып тасталған болатын.

Ерлен ОСМАНОВ