22-28 ақпан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

1213
көрілім

Тоқты

Қаржылық тұрғыда басшылыққа кіріптар болуға мәжбүрсіз. Мұндайда кез келген тапсырманы уақтылы орындаған жөн. Жалпы, жағдай өзіңіз ойлағандай жабырқатарлықтай емес. Аз уақыт сынай қараған басшылық соңында сыйақы жазып беруі де мүмкін.

Торпақ

Қазір сізді бәрінен бұрын алаңдататыны – жұмыс пен мәнсап. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» демекші, соған жету жолындағы кедергілердің ешбірі сізді тоқтата алмайды. Не нәрсені қолға алсаңыз да соған білек сыбана кірісіп, нәтижесіне қатты алаңдайсыз.

Егіздер

Жақсылық жасап, достарыңызды қуантқыңыз келсе мұны апта соңына қарай бастаңыз. Демалыс күндерін өткізіп аламын деп екіұшты ойға түсудің қажеті жоқ. Бұған дейін араларыңыз алшақтап кеткен жандардың көпшілігіне тығырықтан шығуға қолұшын бересіз.

Шаян

Қазір жақындарыңыз бен туыс-туғандарыңыздың басына түскен ауыртпалықты өз мойныңызға аламын деп біршама күш-қуатыңызды сарқып аласыз. Кейде қиындық қамытын киюге асықпаған жөн. Жеке басыңызға да бір сәт көңіл аударып, денсаулығыңызға мән берген жөн.

Арыстан

Апта соңына қарай Арыстандардың кейбір танысы мен дос-жарандары бірінен соң бірі қоңырау шалып, әралуан жаңалықтарымен бөліседі. Жақсысы бар, жаманы бар. Қандай болса да көңіліңізге жақын алмауға тырысыңыз. Қазір жүйкеңізге салмақ түсірмегеніңіз жөн.

Бикеш

Мақсатыңызды жүзеге асыру үшін қаражат жинап, алдынала әзірлік жүргізе бастағаныңыз құптарлық әрекет. Егер құрған жоспарыңызды орындауда шығын көп кетсе, онда бұл қадамыңыз көрегендікке пара-пар. Тек сырыңызды сыртқа шығара көрмеңіз.

Таразы

Егер бір жаққа саяхаттап қайтуға ұсыныс түссе көп ойланбастан келіскеніңіз жөн. Іскерлік сапар болса да ретін тауып тынығып алуға тырысыңыз. Кейін атбасын кері бұрғаныңызда жол-жөнекей жарқын естеліктерді еске алатын боласыз.

Сарышаян

Пәтеріне қандай да бір өзгеріс енгізіп, жөндеу жұмыстарын жүргіземін деген Сарышаяндарға қазір қолайлы уақыт. Түсқағаз ауыстыру, жиһаздар сатып алу сынды жұмыстардың жолы ашылғандай. Бос уақытыңызда табиғат аясына шығып қайтыңыз.

Мерген

Осы аптада қуанышты хабарлардың легі басталмақ. Туысқандарыңыздың баласы жауапты жарыста жүлдегер атануы мүмкін немесе әлдекім қызмет мәнсабымен жоғарылайды. Тіпті өзіңіз көптен бері жүзеге асыра алмай келе жатқан ойыңыз да іске аспақ.

Тауешкі

Әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңыз тым шиеленісіп, жұмыста берілген тапсырманы бір-бірлеріңізге сілтеулеріңіз мүмкін. Кімнің жүйкесі берік, соның мерейі үстем болмақ. Жұмыста әлдекіммен көңіл қоссаңыз, түрлі өсек-аяңға қалуыңыз да ғажап емес.

Суқұйғыш

Іскер әріптестеріңізбен ой алмасып, серіктестік жөнінде келісімшартқа отырсаңыз кәсіби шеберлігіңіздің жоғарылағанын байқайсыз. Мұнымен тоқталып қалғаныңыз жарамас. «Темірді қызған кезінде соқ» демекші, тағы бір белесті бағындырып көріңіз.

Балықтар

Кейбір әріптестеріңіз ескі жараның аузын тырнап, қателіктеріңізді бетіңізге басуға оқталады. Басшылық алдында өзінің іскерлігін көрсетіп, әлеуеті жоғары екенін байқатуға барын салады. Десе де ондайға мән беріп, ұсақ-түйекке жүйке жұқартпағаныңыз абзал.