23-29 қазан аралығына арналған Жұлдыз жорамал

918
көрілім

Тоқты

Адамдардың қателіктері мен кемшіліктерін бетіне айтудан аулақ болыңыз, өйткені кейбір жақын адамдарыңызды ренжітіп алуыңыз ықтимал. Әрбір ісіңіз бен сөзіңізді жіті саралағаныңыз абзал.

Торпақ

Отбасыңыздағы құпияларды көрінген адамға айта бермеңіз. Бұл аптада уақытыңызды өз-өзіңізді дамытып, танымдық білім алуға жұмсаңыз. Жаңа адамдармен танысып, саяхатқа шығуыңызға да болады.

Егіздер

Айналаңыздағы адамдар жүйкеңізді жұқартуы мүмкін. Дегенмен, көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Елдің алды да, арты да болмай ортасында жүріп-ақ бірқатар жетістіктерге жетуіңізге болады.

Шаян

Іскерлік кездесулерге қатысып, қажетті адамдармен танысуға қолайлы апта. Өзіңізді басшылық алдында көрсетуіңізге болады. Бұл өз кезегінде жемісін беріп, лауазымыңыз бен жалақыңыз өсіп қалуы мүмкін.

Арыстан

Бұл аптада бір орында отырудың қажеті жоқ. Алға қойған жоспарларыңызды біртіндеп қолға ала бастаудың жөні келген сыңайлы. Жұмыс орныңызда басшылықтың тапсырмаларын бұлжытпай орындаңыз.

Бикеш

Рухани дүниеңізді қалыпқа келтіретін кезең, сондықтан әлеуметтік желілерден гөрі кітап оқуға ден қойғаныңыз абзал. Ақшаңызды қызықты кітаптар сатып алудан аямауға тырысыңыз.

Таразы

Бұл аптада үй-ішіңізде қуанышты жағдайлар орын алып, нағыз бақытты сезінесіз. Қызықты кездесулер мен шараларды демалысқа қарай жоспарлап, уақытыңызды отбасыңыздың ортасында өткізіңіз.

Сарышаян

Желкеңіздегі жалқаулықты бір уақыт шетке ысырып, қауырт жұмыстарға бел шеше кірісетін кез келді. Дегенмен өзіңіздің қолыңыздан келетін жұмыстарды өзгеге артпауға тырысыңыз.

Мерген

Жұлдыздар бұл аптада кезекті еңбек демалысын алып, демалғаныңызды қалайды. Ұзақ уақытқы ауыр жұмыс жүйкеңізді жұқартқаны рас, сондықтан барлық қарбаласты бір уақыт ұмытыңыз.

Тауешкі

Бұл аптада жоспарлаған істеріңізді қорықпай жүзеге асыруыңызға болады. Тауешкілер көп жағдайда әліптің артын бағуды жақсы көреді. Дегенмен, мұндай әдетті бір уақытқа ұмытқаныңыз абзал.

Суқұйғыш

Отбасының қаржылай кірістерін қайта саралап, алдағы уақытқа жаңа жоспарлар жасаңыз. Бұл аптада қандайда бір құжаттарға қол қоюдан және маңызды келіссөздер жүргізуден аулақ болыңыз.

Балықтар

Барлық жаңалықтарды біліп отыруға деген құштарлығыңыз оянуы мүмкін, сондықтан батыл түрде жаңа таныстықтар орнатып, пайдалы адамдармен сөйлесуге ұмтылыңыз.