23-29 желтоқсан аралығына арналған жұлдыз жорамал

660
көрілім

Тоқты

Аптаның алғашқы жартысы сіздер үшін сәтсіз болайын деп тұр. Ал екінші жартысында маңызды істер тындырып, ұнатқан адамыңызбен кездесіп қайтсаңыз мархаббат. Бұл қадамдар өміріңізді айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Осы уақытта қомақты қаражатқа ие болып, бұған дейін кеткен шығындардың орнын толтыруға мүмкіндігіңіз жоғары. Жақын адамдарыңызға қазірден бастап сыйлық таңдай берсеңіз болады.

Торпақ

Қазіргі бірден-бір әрі басты мәселеңіз ол – тұрмыстық қиындықтар. Басқасын алсақ, сізден асқан бақытты адам жоқ. Айналаңыздағыларды қуантып, келеңсіздікке ұшыраған таныстарыңызға барынша көмек беруге тырысыңыз. Жанұяңызға келгенде күйбің тірлікті ысырып, назарыңыз соларда болсын.

Егіздер

Жұмысыңыз көбейіп, жүктемелер арта түссе тапсырманың біраз бөлігін әріптесіңізбен бөліссеңіз еш әбестігі жоқ. Себебі қазір сізге тынығу керек. Жаңа жылды қалай атап өтуді ойластырмаған болсаңыз қазірден бастап жоспар құруды қолға алғаныңыз жөн. Бұл жолы сіз үшін ерекше өтпек. Сұлулық салонына барып, келбетіңізді өзгертіп көрсеңіз болады.

Шаян

Соңғы уақыттары ойыңыздан кетпей, мазалап жүрген суыт ойлар сейіліп, қарбалас күндер өте шығады. Мейілінше салқынқандылық танытыңыз. Жұмыста да шаруалар көбейіп, үйдің тірліктеріне келгенде шаршаңқы боласыз. Мұндайда отбасы мүшелерінен көмек сұрауға қысылмаңыз, олар да бір жеңнен қол шығаруға әзір.

Арыстан

Осыған дейін қыр соңынан қалмай қиындық тудырған мәселелер шешімін тауып, Арыстандардың ісі алға басады. Көп уақытыңызды тынығу мен көңіл көтеруге арнағаныңыз жөн. Жұмыс ешқайда қашпайды. Соңғы уақыттары тапсырмалар көбейіп, басшылық тарапынан талап күшейгендіктен тынығуға уақыт таппауыңыз мүмкін. Сондықтан достарыңызбен де жиі жүздескеніңіз жөн.

Бикеш

Маңызды істерге келгенде бар мүмкіндігіңізді паш етуге әзір болыңыз. Себебі ойлағаныңызды Жаңа жылға дейін біржақты етіп алмасаңыз кейін артық жұмыс болып, алтын уақытыңыз соған кетуі ғажап емес. Біреу-міреуді ренжіткен болсаңыз, кешірім сұрап, көмек беруден бас тартқан жандар болса, қолұшын беруге дайын болыңыз. Ал демалыс күндерін көңіліңіз қалағандай өткізсеңіз болады.

Таразы

Қаржылық мәселелерді шешер алдында жан-жақты сауатты адаммен кеңескеніңіз абзал. Үйдегі тұрмыстық заттарыңыз іске жарамай, аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Бір өзіңіздің шамаңыз келмейді, сол себепті ер адамның көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс. Жалғызбасты Таразыларға екінші жартысын табуға қолайлы кезең.

Сарышаян

Бітпей қалған тірліктеріңіз болса тез арада аяқтауға асығыңыз. «Асықпаған арбамен қоянға жетеді» дегенді басшылыққа алар болсаңыз, шаруаңыз шашетектен көбеюі ғажап емес. Туысқандарыңызбен де ара қатынасыңыз шиеленсуі мүмкін. Десе де ұрыс-керістен барынша аулақ болып, ақшаңызды бей-берекет жұмсамағаныңыз жөн.

Мерген

Бұл кезеңде спортпен шұғылданып, дене бітіміңізге мән беріңіз. Жасы ұлғайған жандар денсаулығына абай болғандары жөн. Әсіресе далада жүргенде сүрініп, жарақат алудан сақтаныңыз. Желтоқсанның 27-29 аралығында игілікті тірліктермен айналысып, өзіңізге мерекелік көңіл-күйі сыйлаңыз.

Тауешкі

Жұбайыңызбен тіл табыса алмай, ұрыс-керістер жиілеуі мүмкін. «Он пәленің тоғызы тілден» демекші, жағдайды реттеймін деп артық сөздер айтудан сақ болыңыз. Жұмысыңызда қызығушылығыңызды арттыратын жаңа жобалар пайда болады. Әйтсе де бұл орайда біршама тер төгуіңіз керек. Демалыс күндері жақсылап тынығып алыңыз.

Суқұйғыш

Қағаз-қаламыңызды сайлап жүріңіз. Жақын арада ойыңызға тың идеялар келіп, маңызды жұмыстар атқаруға деген құлшыныс арта түспек. Бала-шағаңыз тәтті қылықтарымен қуантудан жалықпай, тіпті ол туралы достарыңызбен де бөлісесіз. Кейін сіз жайлы қауесет таралып кетпес үшін жеке өміріңіз жайлы көп сыр шерте бермеңіз.

Балықтар

Жақын арада қоян-қолтық араласып жүрген адамыңыздан жағымсыз жаңалық естуіңіз мүмкін. Жағдай тек желтоқсанның 27-інен бастап оңалмақ. Қомақты ақшаға қол жеткізуіңіз ғажап емес. Демалыс күндері дүкен аралап, киім үлгісіне өзгеріс енгізсеңіз болады.