24-30 маусым аралығына арналған Жұлдыз жорамал

445
көрілім

Тоқты
Бұл мезгілде сіз айрықша сезімтал боласыз. Кез-келген көзқарасты сіз реніш ретінде қабылдайсыз. Айналаңыздағыларға деген көзқарасыңызды өзгертуге тырысыңыз. Көңіліңізді аулап шығармашылық қызметпен айналысыңыз – пайдасы көп болмақ.
Торпақ
Еңбексүйгіштігіңіз  бен  қарқынды жұмыс қана  осы  бір қиын кезеңнен сізді алдып шығады. Жұмыстағы басшылығыңыз да сізге мін арта бермек, үйдегілер де айтқан ақылыңызға құлақ аса қоймайды. Не де болса сабыр сақтаңыз.
Егіздер
Бұл аптада бір іске бола қаржы құям дегеніңіз орынсыздау болмақ. Ал достық жағдайда немесе романтикалық байланыстарды жолға қоямын десеңіз – сәттілік! Неғұрлым ашық-жарқын болыңыз. Екінші онкүндікте күш-жігеріңіз әлсірегенін сезесіз. Тамақтану мәзіріне көңіл аударыңыз.
Шаян
Қасыңыздағы адамдар сізге тиісе беруі мүмкін. Қарсы қайтарым беруге үйреніңіз. Ал үйдегілермен ренжісудің қажеті жоқ. Керісінше, отбасы мүшелерімен көңілді бір отырыс жасап қайтыңыз.
Арыстан
Осы уақыт ішінде қордаланып қалған мәселелерді шешуге қолайлы кезең. Пәтеріңізге жөндеу жүргізіп, іші-сыртына тазалық жүргізудің сәті түсіп тұрғандай. Бала-шағаңызбен  қарым-қатынасыңызға жік түсірмеңіз. Бүгін бала болса, ертеңгі күні өзіңізге ақыл қосар дана болмақ олар.
Бикеш
Сіз үшін кескін-келбетіңізді түрлендірер кез келді. Сұлулық салонына барыңыз. Жаңа таныстар пайда болып жатса, қарсылық танытпаңыз, емен-жарқын сөйлесіңіз. Жасы келген қарттарыңызға көңіл бөліп, қамқорлық танытыңыз.
Таразы
Қызмет бабында өсуді қаласаңыз басшылықпен жақсы болыңыз. Бірақ  «Служебный романға» дейін жетпесін! Ішкі сырыңызды тым ақтара бермеңіз, оның да бір мәні бар.
Сарышаян
Бұл аптада асығыстық жасаудың керегі жоқ. Бәрін де ойланып барып істеңіз. Махаббатта кейбір сәтсіздіктер болуы мүмкін. Жұлдыздар бұл кезде ысырапсыз ақша шашуды қаламайды. Алдағы уақытта жиналған қаржыңыздың қажеті болып қалады.
Мерген
Айналаңыздағы адамдарға зер салып қараңыз, кейбіреулерінен сақтанып, алшақ жүруге  тура келеді. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, күн тәртібін де өзіңіз үшін мұқият белгілеп қойыңыз.
Тауешкі
Жазғы романтикалық көңіл-күй сізге бұйырып тұр. Махаббат сезімі ме, құшақ-құшақ гүл ме, сыйлықтар ма – бәрі-бәрі болады! Басы бос Тауешкілер сүйген сұлуын кездестіруі мүмкін. Өз-өзіңізге көңіл бөліп, диета ұстанып, сымбатыңызды түзейтін кез келді.
Суқұйғыш
Жуық арада ақша жағынан қысылмайсыз. Қаржы аз-аздап құйылып жатса көңіліңіз де көтеріңкі болмақ. Жұмыс орнында да жұлдызыңыз жанбақ. Ең бастысы, тым асқақтап кетпеңіз. Біреу-міреу көмек сұраса – қолұшын беріңіз. Жексенбілік күндерді сәтті өткізіңіз.
Балықтар
Бұл аптада сізге ешқандай кедергілер болмайды. Бірақ босаңсымаңыз. Іскер серіктестеріңізбен арадағы әділдікті сақтаңыз. Әріптестеріңізбен, әсіресе әйелдер жағымен абай болыңыз. Олардың ішінде де пиғылдары әр түрлісі бар.