24 ақпан мен 1 наурыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

589
көрілім

Тоқты (21.03-20.04)

Сіз өте ақылды және шыдамды жансыз. Осы қасиеттеріңізді сақтап қалыңыз. Себебі келер аптада бұл қасиеттер сізге ықпалын тигізеді. Сонымен қатар бұл күндері сіз үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылады. Өз түйсігіңізбен жұмыс істеңіз. Егер аянбай еңбек етсеңіз қызметтегі серіктестеріңіз бен басшыңыз сіздің талаптарыңызға көнеді. Тіпті сыйақы мен демалысқа да қол жеткізуіңіз мүмкін.

Торпақ (21.04-21.05)

Сіз өзге адамдарға қуаныш сыйлауға тырысасыз, алайда көбінде ол үшін өзіңізді құрбан етесіз. Бұл аптада өзіңізге және мәнсабыңызға көңіл аударғаныңыз жөн. Жұмыста белсенді болсаңыз көптеген жетістіктерге жетіп, сыйақыға ілінуіңіз де мүмкін. Бұл демалыс күнін өзіңізге арнап, шоппинг жасауға тапсырмас мүмкіндік. Басыңызға түскен қиындықтарды уайымдап әуре болмаңыз. Олар көрген түстей тез арада өтіп кетеді.

Егіздер (21.05-21.06)

Егіздер үшін бұл апта көңілді өтпек. Тұйық мінезіңізді тастап, ашық-жарқын болуға тырысыңыз. Себебі өміріңізде жаңа таныстықтар орын алады. Сіздің қаржылық тұрғыда жолыңыз болғыш. Осы аптада көптен бері армандаған дүниеге қол жеткізуіңіз мүмкін. Алайда ол үшін демалыссыз жұмыс істей берудің қажеті жоқ. Демалыс күндері сізді тосынсый күтіп тұр.

Шаян (22.06-22.07)

Бұл жұлдыз иелері осы аптада көп еңбектенуге тура келеді. Бірақ сіз уайымдамаңыз. Сіздің еңбегіңізді бастығыңыз жақсы бағалайды. Сонымен қатар бұл аптада жұмыс барысымен іс-сапарға барудан бас тартпаңыз. Себебі бұл сапарда сіз көптеген іскер жандармен танысып, көп тәжірибе алып қайтасыз.

Арыстан (23.07-23.08)

Сізде барлығы жақсы! Сіз белгілі бір тәртіппен жұмыс істейсіз және ол сіздің бастығыңызға ұнайды. Сол себепті ол сізге көбірек сенім артады. Алайда әріптестеріңіздің арасынан сізге қызғанышпен қарайтын біреу пайда болуы мүмкін. Ол үшін уайымдаудың қажеті жоқ, керісінше қуаныңыз! Себебі сізге қиын сәтте шынайы достарыңыз сізді тастап кетпейді. Демалыс күнін таза ауада серуендеуге арнаңыз. Жеке өміріңізге байланысты кездесулерден қашпаңыз.

Бикеш (24.08-23.09)

Көптеген жандар сізді аңқау және ештеңеге мән бермейді деп олайды. Алайда сіздің қолыңыздан көп нәрсе келеді. Осы аптада әріптестеріңіз бен бастығыңыз сіздің маңызды мәселелерді шешіп, бәсекелерстеріңізді шаң қаптырып кеткеніңізді көріп таңқалады. Бұл күндер сіз үшін өте сәтті және шығармашылыққа толы болмақ. Туыстарыңыз сізді үнемі қолдайды. Сондықтан олармен байланысыңызды үзіп алмай, хабарласып тұрыңыз.

Таразы (24.09-23.10)

Келер аптада сіз өз өміріңізді проблемасыз елестете алмайсыз және оларды шешуге барыңызды саласыз. Қамықпаңыз, апта соңында барлығы реттеліп, өз орнына келеді. Бастығыңыз да болмашы нәрселер үшін дауыс көтеріп жатса сабыр сақтаңыз! Кейін ол өз қатесін түсінетін болады. Сіздің жақын достарыңыз бен туыстарыңыз қашанда жаныңыздан табылады.

Сарышаян (24.10-22.11)

Сіз бір тәртіппен ғана өмір сүріп, шектеу қойғанды ұнатпайсыз! Алайда келер аптада сізге жақындарыңыздың айтқанын тыңдауға тура келеді. Өзіңіздің білгеніңізбен ғана жүре берсеңіз үлкен қателіктерге ұрынасыз. Сол себепті уақытша болса да басқалардың пікіріне құлақ асыңыз. Осы аптада жұмысбасты болып, жеке өміріңізге көңіл бөлуге уақытыңыз да болмайды.

Мерген (23.11-21.12)

Мергендер үшін апта сәтті болмақ. Бірақ эмоцияға беріліп әрекет етпеуге тырысыңыз. Тек жоспармен жұмыс істеңіз. Қызмет бабымен сапарға шығуға мүмкіндік аласыз. Бұл сіз үшін және қызметіңіз үшін өте пайдалы сапар болмақ. Көптеген жаңа таныстар табасыз. Демалыс күнін отбасыңызға арнаңыз.

Тауешкі (22.12-20.01)

Тауешкі белгісіндегілерді маңайыңындағы көпшіл, ақкөңіл мінезі үшін жақсы көреді. Бірақ келер аптада дос таңдауға өте сақ болыңыз. Сіздің жауапкершілігіңіз мол, өз жұмысыңызды жақсы көресіз. Сол үшін бастығыңыз сізді бағалайды. Бірақ досым деп жүрген жандар қиын жағдайда тастап кетуі мүмкін. Сол себепті барлығына бірдей сене бермеңіз.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Көптің пікірінен қорықпаңыз! Өзіңізді ретке келтіріп, өз ойыңызбен ғана өмір сүріңіз. Егер көптің пікіріне құлақ асатын болсаңыз жетістікке жете алмайсыз. Бос уақытыңыз бола қалса жалғыз қалуға тырыспай, шынайы достарыңызбен уақытты көңілді өткізіңіз. Қызмет бабын еш уайымдамаңыз. Барлығы сәтті болып, жалақыңыз өсуі де мүмкін. Айта кетерлігі, жасалған ұсыныстардан бірден бас тартуға асықпаңыз. Ол сіз үшін пайдалы дүние болуы да мүмкін.

Балықтар (20.02-20.03)

Бұл белгі иелері үшін шығармашылық апта болмақ. Егер басыңызға жақсы бір ой келсе дүйсенбіні немесе келесі күнді күтпеңіз. Оны жүзеге асыруға тырысыңыз! Сіздің бұл талпынысыңызға бастығыңыз өте риза болады. Егер сізге қосымша демалыс беретін болса ата-анаңыз бен отбасыңызды алып таза ауада серуен құрыңыз!