25 қараша мен 1 желтоқсан аралығына арналған жұлдыз жорамал

513
көрілім

Тоқты

Үй ішіңізде ересектер арасында болмайтын жерден келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Арашашы болып өзіңіз үн қосуыңыз қажет. Бұл уақытта күйеуіңізге тосынсый әзірлеп, көңілін аулауға тырысыңыз. Мұны қолға алсаңыз, қарашаның 26-28 аралығы қолайлы мерзім.

Торпақ

Күтпеген жерден қаражат келіп түседі. Тосыннан түскен ақша сол бетімен жұмсала берсе де мұны ойлап, қам жей бермеңіз. Себебі жұмысыңызда алға басу пайда болып, әлдеқандай жобалар өз жемісін бермек. Мәнсабыңыз да өрлей түседі. Жаңа таныстықтар орнатсаңыз жақсы жаңалықтар әкелері сөзсіз.

Егіздер

Көптеген нәрсеге үлгермей жатасыз, барлығына әзір болыңыз. Шаруа шаш етектен үйіледі, ал сіз қобалжи түсінесіз. Мүмкін үзіліс жасап, демалыс алатын шығарсыз? Егер бір шаруаны қолға алсаңыз, жеңілінен бастаңыз. Мәселен құмыраға бөлме өсімдіктерін отырғызсаңыз болады.

Шаян

Біреу-міреумен танысып, достық қарым-қатынас орнатсаңыз, сауысқаннан сақ болыңыз. Себебі бұл уақытта өзіңіз қаржылық жағынан қиналып жүргенде, алаяқтарға тап болып жүрмеңіз. Аптаның екінші жартысында Шаяндардың ұнжырғасы түсіп, өңі солыңқы көріне бастайды. Осының бәрін бір сәт естен шығарып, жақындарыңызбен бас қоссаңыз біршама сергіп қаласыз.

Арыстан

Ойламаған жерден алыс сапарға шығуға ұсыныс түссе, бас тартпаңыз. Өйткені дәл осы кезде қайталанбас әсерге бөленіп, орасан шабыт алып қайтасыз. Мерекелік шаралар өткізіп, той-томалақтарға барып келсеңіз де едәуір сергисіз. Көпшілік арасында әр сөзіңізге абай болғаныңыз жөн, кей адамдарға жақпай қалуыңыз мүмкін.

Бикеш

Жуырда ғана сүйіктіңізбен ренжісіп қалған болсаңыз, оны тез арада түзету мүмкін болмайды. Сол себепті жоқ жерден жанжал шығарудан аулақ болыңыз. Қазір мән берудің сәті түспесе де, жеке өміріңізде өзгеріс әкелуге таптырмас мерзім. Абзалы, бос уақытыңызда сүйікті хоббиіңізбен айналысыңыз.

Таразы

Үйіңізде бала-шағаңыз айтқаныңызға құлақ аспай, мазаңызды алып бітеді. Әріптестеріңіз де сеніміңізден шықпай, маңызды істерге аяқ басарда тілеулестік танытпаулары мүмкін. Десе де шаруаңыз қарашаның 28-інен бастап оңала бастайды. Осы күні бір уақытты белгілеп, достарыңызбен бас қосуды жоспарға қойыңыз.

Сарышаян

Өміріңіз жаңаша сипатқа ала бастағандай. Әлдекімдерден сыйлық күткенше өз-өзіңізге көйлек пе, әлде жейде ме, алып алыңыз. Қарашаның 25-27 аралығында қажеттілік аяқтан шалып мазаласа да қарызға ақша алмағаныңыз жөн. Осыған шыдап бақсаңыз, ары қарай ісіңіз алға баспақ. Қазір денсаулығыңызды ойлап, жиі тыныққаныңыз дұрыс. Себебі күтпеген жерден маңызды тапсырмалар шығып қалуы мүмкін.

Мерген

Маңызы бар істерді қазірден бастап ойластырып, жоспарлай беріңіз. Бұл жерде өзіңізге-өзіңіз күмән келтірмей, әр іске сеніммен кіріскеніңіз абзал. Жұлдыздар алдағы апта қуанышты жаңалықтармен есте қалады дегенге сендіруде. Жұмыстан қашқалақтамай, үнемі белсеніп жүрсеңіз басшылық тарапынан сыйақы алып қалуыңыз ғажап емес.

Тауешкі

Өміріңізде болғалы тұрған өзгерістерді айналаңыздағыларға жария етпегеніңіз дұрыс. Сөз таратып, тілеулестік танытпайтын жалған достардан сақ болыңыз. Жаңа қызметке ауысамын десеңіз, қазір қолайлы уақыт. Жиі тынығып, қарашаның 26-сы күні өзіңізге артылар жүктемелерді азайтқаныңыз жөн.

Суқұйғыш

Дәл осы кезең сізге шешуші сәт болып көрінуі мүмкін. Егер бір істі қолға алсаңыз, ешнәрсеге қарамай алға ұмтылыңыз. Егер басқа қызметке ауысқыңыз келсе, онда қазіргі уақыт қолайлы саналады. Сүйіктіңізбен барынша тату болып, ренжіспеуге тырысыңыз. Кінә сізден болса, кешірім сұрағаныңыз артық болмас.

Балықтар

Кей нәрсеге бейжай қарасаңыз, сізге аз да болсын көмегін береді. Әріптестеріңіздің арасында келіспеушілік туындап, соған сізді себепкер етулері мүмкін. Дәл осы сәтте оқиға барысына салқынқанды көзқараста болыңыз. Ал бойыңыздағы эмоцияны сыртқа шығарсаңыз, сіз туралы жағымсыз пікір қалыптасуы мүмкін. «Сырт көз – сыншы» деген, жұмысқа кешікпеуге тырысыңыз.