26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығына арналған жұлдыз-жорамал

453
көрілім

Тоқты
Үлкен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туындайды. Иә, мұның барлығы сізге қиын көрінгенімен жоспарлаған жұмыстарыңызды жүзеге асыра аласыз. Абай болғаныңыз жөн, себебі, әріптестеріңіз аяғыңыздан шалулары мүмкін. Қандай жағдай болмасын, бейтарап болып қалуға тырысыңыз. Сүйіктіңізбен көп уақытыңыз өткізсеңіз қарым-қатынастарыңыз да беки түседі.

Торпақ
Торпақтардың өкілі көзге шөп салуы мүмкін. Сондықтан жаныңыздағы адамға көз қырын салып, жағдайдың шиеленісіп кетпеуін қадағалағаныңыз абзал. Өз денсаулығыңызды да естен шығармаңыз. Әлденелер мазалай бастаса, бірден ақ халаттылардың көмегіне жүгініңіз.

Егіздер
Алдағы апталарда қайталанбас әсер мен керемет көңіл-күй бастан кешіруіңіз мүмкін. Сәл тынығып, жақсылап күш-қуат жинап алғаныңыз ойлаған жоспарларыңызды орындауда қажет болады. Бала-шағаңызға қатысты мәселелер туындап жатса, қызуқандылыққа салынбаңыз. Жан-жақты ойланып немесе кейінге шегере тұрып шешім шығарсаңыз да болады.

Шаян
Қазір өз-өзіңізге күтім жасауға таптырмас мерзім. Тіпті сырт-келбетіңізді түбегейлі өзгертуге болады. Көптен бері іздеген жақыныңызды жұмыста жолықтырып, жаңадан қарым-қатынас бастасаңыз еш әбістек емес. Ол да мүмкін ғой! Алайда бір шешім шығарарда жақсылап ойланып, сергек қалпыңызда іске кіріскеніңіз ләзім.

Арыстан
Кейбір жағдайларда мәселе ұрыс-керіссіз шешімін таппайды. Достық қарым-қатынасты үзгіңіз келмесе, татуласуға өзіңіз бірінші болып қадам жасаңыз. Сенімді досыңыздың біреуі күтпеген жерден сатқындық жасауы мүмкін. Дегенмен болған жәйтті бағамдай отырып, ат құйрығын кесісуге асықпаңыз. Олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік бергеніңіз жөн.

Бикеш
Қазір өз-өзіңізді қолға ала алмауыңыз мүмкін. Әлдекімдермен ұрыс-керіске баруға асығамын деп отқа май құйғандай боласыз. Болған оқиғаны өткен күннің естелігінде қалдыру үшін қаланың сыртына, табиғат аясына шығып келгеніңіз оң нәтижесін береді. Жақсылап демалып, бойға қуат жинап алғаныңыз аса маңызды.

Таразы
Бірқатар отбасылық мәселелерді шешіп алуға мүмкіндік туындайды. Қолайлы сәтті  жіберіп алмаңыз! Бұл кезең саяхатқа шығуға, танымдық іс-шараларға қатысуға қолайлы болмақ. Жаңадан достар тауып, уәдешіл адамдармен жолығуыңыз мүмкін. Жұлдыздар бейтаныс адамдармен қарым-қатынас орнатарда сырттай зерттеп алуыңызға кеңес береді.

Сарышаян
Қазір қандай жағдай болмасын, барынша төзімділік танытыңыз. Күтпеген жерден күрмеуі көп мәселелер пайда болуы мүмкін. Қызуқандылыққа салынып, жағдайды бақылаудан шығарып алмаңыз. Демалыс күндері тыныштықта қалып, алаңсыз тынығуға мүмкіндік мол.

Мерген
Арқасүйеріңіз болса ғана ауқымды істерге білек сыбана кіріскеніңіз дұрыс. Бірқатар тапсырмалардан бас тартуға тура келеді. Әлдекімдерге қарызға ақша берсеңіз жуық арада қайтпайды. Десе де достықтарыңызды сақтап қалғыңыз келсе сұрағанын бергеніңіз дұрыс. Сараңдық танытпаңыз!

Тауешкі
Тәжірибелі мамандар берген кеңесті көкейіңізге түйіп алуға тырысыңыз, оң шешім шығаруға септігі зор. Тамыздың 30-ы күні сақ болыңыз: жақын адамдарыңыз жарға жығуы мүмкін. Демалыс күндерін жанұяңызбен бірге өткізсеңіз сызат түскен туысқандық ара қатынасты түзеп аласыз.

Суқұйғыш
Жұмысыңызда бәсекелестік пайда болуына қарай негізгі істен тысқары қалуыңыз ғажап емес. Мұндайда дауласудан аулақ болып бар күш-жігеріңізді жанұядағы қарым-қатынасты қолдауға жұмсаңыз. Туысқандарыңызға жылы сөйлеп, көңілдеріне қаяу түсіріп алмаңыз. Үнемі келіп түсетін ұсыныстарды білікті мамандармен бірлесе отырып шешіңіз.


Балықтар
Жеке өміріңізде көптен күткен тыныштық орнайды. Рахат өміріңізді бұзып алмау үшін өз-өзіңізді сабырға шақырыңыз. Сондай-ақ бұл кезең жаңа жоспарлар ойластырып, соны орындаудың жолын іздеуге қолайлы. Әзірге жоспарыңыз жайлы ешкімге тіс жармаңыз! Одан да құпия күйінде қала тұрғаны дұрыс.