27 қаңтар — 2 ақпан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

435
көрілім

Тоқты (21.03-20.04)

Өзіңіздің бойыңыздағы күмән мен күдіктен арылып, мақсатыңызға қарай жүріңіз. Сіз көп нәрсеге жете аласыз. Бұл апта жұмысыңызда сыйақы алып, тіпті өсуіңізге өте қолайлы болмақ. Алайда айналаңызда қызғаншақ адамдар пайда болуы мүмкін. Бірақ ешқандай өсек пен өтіріктен қорықпаңыз. Демалыс күні отбасыңызбен тыныш жерге барып демалып қайтсаңыз жақсы әсер етеді.

Торпақ (21.04-21.05)

Егер басыңыз бос болса бұл аптада ғашық болуыңыз әбден мүмкін. Барлығы жай күнде ойнаған найзағай тәрізді аяқастынан болады. Бірақ қарым-қатынасыңызда қайшылықты жағдайлар тудырмауға тырысыңыз. Агрессияға жол бермегеніңіз абзал. Қызметі сахнамен байланысты Торпақтар үшін бұл апта көпшіліктің ықыласына ие болуға өте оңтайлы апта.

Егіздер (21.05-21.06)

Егіздер келер аптада денсаулығына баса назар аударғаны жөн. Диета, ұйқысыз түндер, психикалық және физикалық стресс денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін. Бұл аптада жұмысыңыз әдеттегіден көбейеді. Бірақ сабыр етіңіз. Асығыс шешім қабылдап жұмыстан шығып кетуден аулақ болыңыз. Себебі нәтижесі өте жақсы болады.

Шаян (22.06-22.07)

Бұл апта Шаяндар үшін жаңа қарым-қатынас орнатуға өте қолайлы болмақ. Сондықтан қызметте де, жеке өміріңізде де жаңа таныстық пен қарым-қатынас орнатудан қашпаңыз. Алайда серіктесіңіз немесе жұбыңыз туралы екі ойлы болуыңыз мүмкін. Қарым-қатынасты жаңадан бастай сала үзіліс жасауды ұйғармағаныңыз жөн.

Арыстан (23.07-23.08)

Бұл жұлдыз белгісінің иелері үшін қаржылық жағдайды жақсартуға және сән, өнер саласында жаңа кәсіп бастауға ыңғайлы уақыт. Қызмет бабымен шетелге шығар болсаңыз сапарыңыз сәтті болмақ. Аптаның екінші жартысында қаржылық мәселелерде және техникамен жұмыста абай болыңыз. Аптаның соңы көпшілік шараларды ұйымдастыруда және акциялар өткізуге сәтті болмақ.

Бикеш (24.08-23.09)

Осы аптада Бикештерге мәсап мәселесіне, жұмысқа және әлеуметтік іске баса назар аудару ұсынылады. Бұл белгінің кейбір өкілдері мәнсапта өсу мен жақсы табысқа жетуі мүмкін. Сонымен қоса осы аптада сізге мемлекеттік қызметке араласуға зор мүмкіндік туады.

Таразы (24.09-23.10)

Таразылар осы аптада түйсігі алдамайтынына көз жеткізе алады. Сезімталдығыңыздың арқасында көптеген мәселелерді қиындықсыз шеше аласыз. Жаңа достар тауып, ескі достықты одан әрі нығайту үшін қолайлы уақыт. Сондықтан достарыңыздан теріс айналмаңыз. Себебі олар сізден көмектерін аямайды.

Сарышаян (24.10-22.11)

Бұл белгінің иелері осы аптада жасырын сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік алады. Сондықтан ғалымдар үшін сәтті апта болады. Кейбір Сарышаяндар жағымсыз түстер көруі мүмкін. Бірақ бұл аптада шығармашылық белсенділік және ұзақ іс-сапарлар үшін сәтті апта болады. Осы аптада оңаша қалғыңыз келетін сәттер көп болмақ. Өзіңізге ұнамайтын, көңіліңізге жақпайтын дүниелерден бірден бас тартыңыз.

Мерген (23.11-21.12)

Осы аптада өміріңізге өзгеріс еңгізгіңіз келеді. Бұл орайда ешкімнен ақыл сұрамай тек түйсігіңіз бен ақылыңызды ғана тыңдаңыз. Олар сізді алдамайды. Бұл апта сіз үшін шығармашылық, ғылыми тұрғыдан сәтті болмақ. Шетелге жолыңыз түсуі мүмкін. Қызметіңіз сахнамен байланысты болса, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.

Тауешкі (22.12-20.01)

Тауешкілер үшін бұл апта сәтсіз басталады. Уақытыңызды бір уақыт демалысқа бөлгеніңіз жөн. Кәсіби салада өзгерістер орын алуы мүмкін. Жұмыста сыйақыға қол жеткізесіз. Қазіргі уақытта жеке өміріңіз өте қызықсыз өтіп жатқан болса, қуаныңыз, себебі алдағы аптада сізді қызықты жәттар күтеді.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Келер апта сіз үшін көңілді басталады. Несие алуға немесе жаңа кәсіпке қомақты қаржы салуға бел бумаңыз. Қазіргі мәнсабыңызға қанағат етіңіз. Демалыс күндері басқа қалаға шығып демалып қайтыңыз. Ол жақтан рухани азық алып, керемет әсер алып қайтасыз.

Балықтар (20.02-20.03)

Балықтар тек бір ғана тәртіппен жүреді. Көптеген әріптестеріңіз сіз жеткен жетістіктерге жетуді армандайды. Бұл аптада сізге шығармашылық тұрғыдан қызықты ұсыныстар келіп түсуі мүмкін. Демалыс күндері ыңғайлы отырыс жасап, достарыңызбен көңіл көтеріп қайтыңыз. Сондай-ақ бұл апта романтикалық кездесу өткізу үшін аса қолайлы болмақ.