2-8 желтоқсан аралығына арналған жұлдыз жорамал

563
көрілім

Тоқты

Бұл апта бірқатар құжаттарға қол қойып, маңызды шешім қабылдауға қолайлы. Әлдекімдермен таныстық ортанып, достық шеңберін кеңейтсеңіз болады. Жаңадан қарым-қатынас орнатамын деп ескі достарыңызды жадыңыздан шығарып алмаңыз. Тіпті сізден бейтаныс жан көмек сұраса да бас тарпағаныңыз жөн.

Торпақ

Барлық нәрсенің шешімі сізге байланысты болып тұрғандай. Өзіңізге сенімді болыңыз, тұрмыстық мәселелерді де жұмыстағы жайттарды да ойдағыдай шеше аласыз. Дегенмен әріптестеріңізбен ара-қатынасыңыз суып, келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Бұл сіздің айыбыңыз емес, айналаңыздағылардың сізге деген қызғаныш сезімінен. Жолға шықсаңыз абай болыңыз!

Егіздер

Керек-жарақ алып, қалтаңыз жұқара бастаса оған еш уайымдамаңыз, себебі осыған дейінгі қажырлы еңбегіңіз соған лайық. Сүйіктіңізге сыйлық жасап, жақын адамдарыңызды тосынсый әзірлеп қуантсаңыз болады. Желтоқсанның 2-3-і күндері бұған дейін араласпай кеткен адамдарыңызға қоңырау шалып, хал-жағдайын сұрасаңыз құба-құп. Олар сізден қоңырау күтіп жүр.

Шаян

Тағдырдың тосынсыйларына дайын болмай шығуыңыз мүмкін. Осының бәрін ойдағыдай өткеру үшін шешім қабылдарда жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Демалыс күндері бәрін ысыра тұрып, тынығып алғаныңыз жөн. Оның өзінде барынша тыныш жерге барғаныңыз жөн.

Арыстан

Өзіңіз ұнатпайтын адамдармен сыр шертісуден аулақ болыңыз. Абзалы, қазір уақытыңызды бостан-босқа кетіргенше, жақсылап күш жинап алыңыз. Егер тәуекелге бел бусаңыз, сіздің пайдаңызға шешілмейтін сыңайлы. Жаңа дүниелерден аулақ болыңыз, кесірі тиіп жүрмеңіз. Қолыңыз босағанда үй ішін жинастырып, тазалық жағына мән беріңіз.

Бикеш

Алдағы аптада отбасылық демалыс бұйырып тұр. Мейілінше желтоқсанның 5-8 күндеріне жоспарлағаныңыз дұрыс. Күш-қуатыңыз тасып тұрса да жұмыстарыңызды ысыра тұрыңыз. Жақын достарыңызбен әңгімеңіз жараспай, ара-қатынасыңыз нашарлап кетуі мүмкін. Сәл ақыл таразысына салып, достарыңызға да болған жайтты ой елегінен өткізуге мүмкіндік беріңіз.

Таразы

Бірқалыпты әрі жаймашуақ күндер күтіп тұр. Балаларыңыз жақсы жаңалық жеткізіп, оларды мақтан еткіңіз келіп тұрады. Олардың алды өз бетімен шешім қабылдап, сізден қолдау күтеді. Мұндайда бетінен қақпай, белін буғаныныз дұрыс. Дәл қазір жақын адамдарыңыздың өздері қарызға ақша сұраса, беруден бас тартқаныңыз жөн.

Сарышаян

Жақын арада қандай келеңсіздікке тап болсаңыз да салыңыз суға кетіп, меселіңіз қайтпасын. Одан да тығырықтан шығар жол іздеңіз. Қазір өзіңіздің сырт келбетіңізге мән беріп, сән салонына жазылсаңыз болады. Имиджіңізді өзгертуге тырысып, жаңашылдықтарға қадам бассаңыз артық етпейді.

Мерген

Барлық шаруаңызды демалысқа қалдырмай біржақты етіп алыңыз. Сезіміңізді тұншықтырып, іштей қиналғанша ұнатқан адамыңызға ойыңызды ашып айтыңыз. Отбасылы Мергендер әріптестері арасында беделін түсіріп алулары мүмкін, мұндай сәтте ашуға ерік бермеңіз.

Тауешкі

Осы аптада сіз уайымдайтын мәселелер ерекше көбеймек. Асығыстық танытып, оңалып келе жатқан шаруаны бүлдіріп алмаңыз. Айналаңызға ойыңыз бір жерден шығатын адамдар топталып алса еш алаңдамаңыз. Денсаулығыңызға мән беріп, қажет болса тиісті ем-дом қабылдаңыз.

Суқұйғыш

Бойыңызда бұғып жатқан талантыңызды көрсетіп, айналаңыздағыларды таң-тамаша етесіз. Сіздің өзгелерден өзгешеленуіңіз кейбіреуіне жақпауы мүмкін. Таңдау жағына келгенде сәтсіздікке ұшырап, өзіңізге мүлде қажетсіз заттар алуыңыз да ғажап емес. Желтоқсанның 4-інде, яғни сәрсенбі күні оңаша қалып бар шаруаңызды тындырып алыңыз.

Балықтар

Егер бұрынғы орныңызда үлгермей жатсаңыз, жаңа жұмыс орнын іздесеңіз болады. Сонымен қатар қазір жалақыңызды өсіру туралы ұсыныс айтсаңыз да орынды. Келіп түскен кез келген ұсынысқа мұқият болып, жоқ жерден жаза басып жүрмеңіз. Мұнымен қоса, жаңа таныстарыңызды да сырттай зерделей біліңіз.