28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

403
көрілім

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, - делінген хабарламада.