29 шілде – 04 тамыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

484
көрілім

Тоқты

Эмоционалды-психологиялық жағдай төңірегінде біраз шуялы әңгіме болуы мүмкін. Еңбекке деген қабілетіңді сақтау үшін көп күш жұмсау қажет. Қандай қиындық болса да төтеп беріп, ағысқа қарсы жүзуге ұмтылыңыз. Сол кезде табысқа да қол жеткізесіз.

Торпақ

Бұл аптада көңіл-күйіңіз көтеріліп, еңбекке деген шабытыңыз оянып, ғажап бір серпіліс пайда болады. Бәлкім осы кезде сіздің жеке өміріңіз бен махаббат айдынында елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Шығармашылығыңызда да жаңалықтар болады. Ең бастысы, өз-өзіңізге күмән келтірмеңіз.

Егіздер

Өкінішке орай, өмірдің барлық саласында сіз үшін келеңсіздіктер тууы ықтимал. Жалпы, қай істе болмасын, өзіңізге нақты не керегін анықтап алғанда ғана ісіңіз алға басуы мүмкін. Адамдарға қатысты кейбір сенімдеріңізді де өзгертуге тура келеді.

Шаян

Бір уақ босаңсуға да болады. Бұл орайда сіздің барлық істеріңізде туған-туыс, жақын-жуықтарыңыз басшылық рөл атқаратын болады. Оларға ақыл айтып, жол көрсетем деп әуре болмаңыз. Ең дұрысы сол, сырттан бақылаушы, ынталы тыңдаушы немесе өзгенің талантын бағалаушы боп отыра бергеніңіз артық.

Арыстан

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Өзіңізді өзіңіз құр бекерге қинамаңыз. Осы аптада шаршап-шалдығып жұмыс істемесеңіз де болады. Сондай-ақ серіктестеріңізбен қаржылық мәселелерді де шешуді кейінге ысыра тұрыңыз.

Бикеш

Кейбір тұрмыстық мәселелерді айтпағанда, осы апта сіз үшін табысты болмақ. Махаббат пен отбасылық өмірде армандарыңызға қол жеткізуіңіз ықтимал. Карьералық өсу де болуы мүмкін.

Таразы

Қым-қуыт тіпшілігі көп апта болмақ. Соның бәріне төзе біліңіз. Уақыт жетпейді бәріне бірдей. Сол себепті жағдайды ойланып барып қолға алыңыз. Мәселен жұмыс, шаруа мәселесін кейінге ысыруға болады.

Сарышаян

Қоғамдағы жұмысыңыз ақсап, жекебас шаруаларыңыз кенжелеп тұрғандай. Бірақ абыржуға жол бермеңіз. Бұл әншейін жоспарлы үзіліс. Ең дұрысы, сіз демалыс алып тынығыңыз, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Табиғат аясына шығыңыз.

Мерген

Бұл аптада сіздің сырт келбетіңіз ерекше жақсарып, өзгелердің назарын аудартасыз. Кез келген мәселеңіз оп-оңай шешімін тауып, ісіңіз алға жүре бастайды. Демек қолда бар мүмкіндігіңізді пайдаланып қалуға тырысыңыз.

Тауешкі

Сіздің көңіліңізді жадыратар тосынсыйлар мен сыйлықтар болуы мүмкін. Тамыз айынан бастап көптің назарында боласыз. Сол себепті де уақыт тауып өз-өзіңізді ретке келтіріңіз. Гардеробыңызды жаңалап, макияжға көңіл бөліңіз. Сүйіктіңізді кездестіруіңіз де ғажап емес

Суқұйғыш

Қаржылық жағдайыңызды бағамдап, отбасылық бюджеттің кіріс-шығысын есептеудің кезі келді. Тиімді кіріс кіргізудің мүмкіндіктері бар сияқты. Бұрынғы қарыздар болып жүргендер табыла кетеді. Енді бірі сіздің оған деген берешегін кешіруі мүмкін.

Балықтар

Қызықты кездесулер мен жаңа таныстықтар күтілуде. Жол сапарға шығуыңыз мүмкін. Жағдай күрт өзгереді. Уысыңызға түскелі тұрған олжадан айырылып қалмаңыз, не де болса өмір ағысымен жүзе біліңіз.