30 тамызда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмыс істемейді

303
көрілім
Шартты сурет

30 тамызда Конституция күніне байланысты Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері жабылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституция күнін атап өтуіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штат режимінде жұмысын жалғастырады.

Комитет тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргеннің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрайды.