3-9 ақпан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

98
көрілім

Тоқты (21.03-20.04)

Тоқтылар келер аптада көптеген қызықты және тосын жағдайларға тап болуы мүмкін. Шұғыл шешу керек жұмыстарды кейінге қалдырмағаныңыз абзал. Сол кезде басшыңыз сізге риза болып, өзіңіз де жеке мәселелеріңізді шешуге уақыт табасыз. Қаржылық жағдайыңыз сізді апта бойы қуантатын болады. Алайда қымбат киім алып, ақшаны оңды-солды шашпаңыз.

Торпақ (21.04-21.05)

Осы аптада барлық жоспарларыңыз сәтті орындалуы үшін сізге шыдамдылық пен сәл сәттілік қажет. Сіз үшін жағымды сәттер көп болмақ. Бірақ кей кездері қатты дауылға қарсы тұрып өзіңізді бір сынап алған артық етпейді. Демалыс күн сіз үшін сәтті басталады. Егер сапарға шығуды жоспарласаңыз маңызды дүниелерді ұмытып кетпес үшін жол сөмкеңізді қазірден бастап жинақтап қойыңыз.

Егіздер (21.05-21.06)

Осы аптада екі нәрсені есте сақтаңыз. Біріншіден, сіз шыдамды болуға тырсыңыз, екіншіден, ашуланшақтықтан арылыңыз. Аталған ережелерді ұстансаңыз барлық мәселеңіз тез шешімін тауып, маңайыңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсармақ. Қаржы мәселесінде еш өзгерістер болмайды, дегенмен ақпан айында тосынсый болуы мүмкін. Жұмысыңызға тым берілмей, жеке өміріңізге де уақыт бөліңіз.

Шаян (22.06-22.07)

Кез келген жағдайда қырсыға беруді қойыңыз. Жиі демалуға, аптасына кем дегенде үш рет таза ауаға шығып серуен құруға тырысыңыз. Жеке бас мәселелеріңізді біреуге айтуға асықпаңыз, себебі олар сіздің мәселеңізді шешіп бере алмайды. Саясатқа араласу мүмкіндік туса, бас тартпаңыз. Сізден жақсы саясаткер шығады.

Арыстан (23.07-23.08)

Алдағы аптада сізге тыныштықта жұмыс істеген дұрыс. Бұл аптада мәнсабыңыз өсуіне үлкен мүмкіндіктер бар. Көшбасшылық қасиеттеріңіз сізге көп көмек көрсетеді. Жеке өміріңізде өзіңізге ғашық адамды кездестіруіңіз мүмкін. Сондықтан ұсынған кездесуден бас тартпаңыз.

Бикеш (24.08-23.08)

Бұл жұлдыз иелері осы аптада өте байқампаз болуы керек. Кез келген жағдайға өте мұқият болыңыз. Бастығыңыз сіздің бос жүрмегеніңізге көз жеткізетіндей жұмысыңызға ден қойыңыз. Бұл аптада сіз үшін маңызды келісімшарттар ұсынылмақ. Өз кәсібін ашқысы келіп жүрген Бикештер үшін таптырмас уақыт. Тек ол қажырлы еңбекті қажет ететінін ұмытпаңыз.

Таразы (24.09-23.10)

Сіз өте жауапты жансыз. Бұл қасиетіңіз мақтауға тұрарлық. Бірақ мұндай қасиетті өзге жандардан талап етпеңіз. Түн ортасына дейін жұмыс істеуді қойыңыз. Бұлай жалғастыра берсеңіз отбасылық мерекелерді, шопинг жасауды ұмытып кетерсіз. Бұл демалыста өзіңізге уақыт бөліп, гардеробыңызды жаңалаңыз.

Сарышаян (24.10-22.11)

Жарайсыз! Бұл сөзді сіз келер аптада бастығыңыз бен әріптестеріңіздің аузынан жиі еститін боласыз. Еңбекқорлығыңыздың арқасында көптеген жетістіктерге жетесіз. Сізді қызықты және тиімді келісімшарттар күтеді. Алайда бақталастарыңызға сіздің бұл жетістіктеріңіз ұнамайды. Бірақ тоқтап қалмай еңбек ете беріңіз!

Мерген (23.11-21.12)

Мергендер келер аптада болашақ өміріне қатысты бірақатар шешімдер қабылдайды. Сондықтан ішкі түйсігіңіз бен жақын деген адамдарыңызды ғана тыңдаңыздар. Бұл аптада мол табысқа кенелуге бірден-бір үлкен мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін көп еңбектену керек. Сізге сырттай ғашық жандар тосынсыйларымен сізді қуантуға тырысады.

Тауешкі (22.12-20.01)

Бұл жұлдыз белгісінің иелерін көңілді сәттер мен күтпеген жағдайлар күтеді. Өзіңіздің дарыныңызды көпке танытатын үлкен мүмкіндік туындайды. Бастысы, жасқаншақ болмаңыз және ойыңызға келген идеяны ашық айтудан тайсалмаңыз. Осы демалысты толықтай отбасыңызға арнаңыз. Олардың кез келген ұсынысына көніп, көп көңіл бөліңіз.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Суқұйғыштар үшін бұл апта сәтті болмақ. Сіз беделді адамдармен байланыс орната аласыз. Бұл сізге мол пайдасын әкеледі. Осы аптада туысқандарыңызбен жақсы араласып, жақсы қарым-қатынас орнатыңыз. Өз қалауыңызбен отбасылық мереке ұйымдастырып туыстарыңызды қонаққа шақырыңыз. Демалыс күніңізді достарыңызға арнап, көңіл көтеріп қайтыңыз.

Балықтар (20.02-20.03)

Балықтарға бұл апта қызықты болады. Апта бойы сіз сұранысқа ие маман боласыз. Сізсіз ешқандай келісімшартқа қол қойылып, мәміле жасалынбайды. Өзіңіз үшін сәтті аптада кез келген мүмкіндіктерді пайдаланып көріңіз. Тіпті үйіңіздің жанындағы дүңгіршектен лотерея билетін сатып алыңыз. Себебі сіз үшін кез келген іс-шара тосынсыйға толы болмақ.