4 – 10 қараша аралығына арналған жұлдыз жорамал

411
көрілім

Тоқты

Бұл аптада күш-қуатыңызды үнемдеп пайдаланбасаңыз жоспар бойынша әрекет етудің реті келмей қалуы ықтимал. Себебі бей-берекет тірліктер әл-қуатыңызды азайтып жібереді. Одан да туған-туыстарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болып, қажет болса білгеніңізді үйретіңіз.
Торпақ
Алдағы жұмыстарды жеті рет өлшеп, бір рет кескенше тым көп күш жұмайсыз. Ойыңыз үнемі бір жерден шығатын әріптестеріңізбен қызмет атқарғаныңыз абзал. Тіпті болашаққа деген сенімді қадамдар жасайсыз. Отбасыңызбен, достарыңызбен жақын араласқаныңыз жандүниеңізге біршама медеу болмақ.
Егіздер
Жұлдыздар Егіздерге жиі іскерлік қатынас орнатуға қолқа салады. Жаңа жоспарыңызға қаржылық жағдайды реттеу және қызметтегі беделіңізді көтеру жағын қоясыз.  Қосымша табыс табуды көздегендер болса, әлеуметтік желілерде белсенді болулары тиіс.

Шаян
Осы аптада Шаяндарға өзгелердің де жүгін қатар алып жүру керек болады. Көмектескеннің еш айыбы жоқ, дегенмен бәз біреулер ақкөңіл мінезіңізді пайдаланып мойныңызға отырып алулары да ғажап емес. Жұма күні туысқандарыңыздың бірімен қарым-қатынас анықтау қажет болады. Мұндайда өз-өзіңізді қолға алып, ашуға ерік бермеңіз.

Арыстан
Жауапкершілік жүгін арқалаймын деп, алған тапсырмаңызбен орта жолда қалып қойып жүрмеңіз. Ескі таныстарыңызбен байланысқа шығуыңыз мүмкін. Ішкі сырларыңызды жария ете бермегеніңіз жөн, сырт көзге бұл әрекеттер жақпай қалады.
Бикеш
Бұл аптада осыған дейін шегеріп жүрген ұсақ-түйек шаруаларыңызды тындырып алуға тырысыңыз. Егер еңбек демалысына шығамын деп шешсеңіз, онда алыс сапарларға шығып келсеңіз болады. Жаңа таныстық орнатуға сәтті кезең. Ал үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге асықпағаныңыз жөн.

Таразы
Жуық арада жоқ жерден кикілжің шығып, басыңыз дауға қалуыңыз мүмкін. Таразылар үшін әділеттіктің ақ таңы оқиғаның соңына қарай ататынын естен шығармаңыз. Жұмыс барысын бейтаныс жандармен талқылаудан аулақ болыңыз, маңызды деген жоспарларыңызды аяқасты етулері мүмкін. Одан қалса аз уақыттан соң жалақы аласыз, сондықтан мақсатыңызды жария ете бермеңіз.

Сарышаян
Айтарлықтай маңызды ақпараттарға ие боласыз. Осы аптада ойластырған жоспарыңыз алдағы уақытта жүзеге асып, ісіңіз алға баспақ. Қазір жұмысты қойып, тынығуға ден қойғаныңыз дұрыс. Жұма күні тәуекелге баруды қажет ететін тірліктерге білек сыбана кіріспегеніңіз жөн. Жексенбі күні достарыңызбен бас қосып, әңгіме-дүкен құруыңыз әбден ықтимал.

Мерген
Мол табысқа кенелуіңіз ғажап емес. Шалыс басып жүрсеңіз, аяқасты шығынға ұшырап, жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Осы кезеңде сіз үшін кімдер тілеулес екендігін байқайсыз. Достық шеңберін ұлғайтуға таптырмас мүмкіндік.  Жас айырмашылығы алыс ерлі-зайыптылар арасында берік байланыс орнамақ.
Тауешкі
Алдыңызға әсіреқиын межелер қойып жүрмесеңі, талай істі тындырып үлгересіз. Апта соңына қарай Жұлдыздар жаңадан қарым-қатынастар орнатып, шақырған жерден қалмауға үндейді. Ол жақта небір жандарды жолықтырып, бәлкім жаңа достарыңызды кезіктіруіңіз әбден ықтимал.

Суқұйғыш
Бір істің іргетасын бекітіп, аяқтауға жақын қалғанда небір тосынсыйларға тап болуға әзір жүріңіз. Кейбіреулер аяқтан шалуға әрекеттенулері мүмкін, соның салдарынан айналаңыздағы жандардың шынайы бетпердесін көресіз. Қандай жағдай болмасын, барынша әділ шешім шығаруға тырысыңыз.

Балықтар
Жақын арада әріптестеріңіз арасында өзіңізді жаңа қырыңыздан танытуыңыз мүмкін. Егер шешім шығарып қойған болсаңыз оған еш күмән келтірмеңіз, себебі алғашқы нұсқа көп жағдайда дұрыс шығады. Қаражат мәселесіне келгенде сабырлы болыңыз: ақшаны үнемдеп пайдаланып, қарызға беру жағын кейінге қалдыра тұрыңыз.