№4 ХҚКО өскемендіктерге бұдан былай мемлекеттік қызметтер көрсетпейді

488
көрілім
Шартты фотосурет

Оңтайландыруға байланысты наурыз айыны4 11-нен бастап Қабанбай батыр көшесі, 159/4 мекенжайы бойынша орналасқан №4 ХҚКО өз жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Карантин кезінде аталған ХҚКО «Цифрлық сектор» ретінде электрондық қызметтер көрсеткен болатын. Анализ қорытындысы көрсеткендей, бөлімнің жүктемесі аз және онда жұмысты жалғастыру тиімсіз. Сонымен қатар қала бойынша басқа ХҚКО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы компьютерлер саны артты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айынан бастап барлық ХҚО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмысы қайта жанданды. Кез келген азамат электрондық мемлекеттік қызметтерді ХҚКО ғимаратында өз бетінше, кезек брондаусыз ала алады.

ХҚКО жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Сенбі күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін.