5 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде метеожағдай жайлы болады

111
көрілім
Сейсенбі, 5 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларындағы метеожағдай жайлы болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Жайсыз метеорологиялық жағдайлар немесе ауаның ластануы Атырау мен Талдықорған қалаларында байқалады. Қарағандыда атомосферада ластаушы заттар шоғырланады деп күтілуде.

Ал Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында метеожағдай жайлы болады.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.