6 сәуірге арналған ауа райы болжамы

297
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, дүйсенбі күні тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ауа райы ашық болады. Қызылорда мен Түркістан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде найзағай түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілсе, Ақмола облысында тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, жел екпіні күшейеді деп күтілуде.