7-13 қазан аралығына арналған жұлдыз жорамал

582
көрілім

Тоқты
Демалыс күндерін саяжайда өткізсеңіз болады. Ал басқа күндері өзіңіз маңызды санаған шаруаларға ден қойғаныңыз дұрыс. Кейде бастығыңыз жұмыста босаңсып кеткеніңізді айтуы  мүмкін… Сөзіңіз жараспайтын адамдармен қарым-қатынасыңызды тоқтатқаныңыз жөн.
Торпақ
Айналаңыздағылар әлдеқандай әрекеттерге барып, ашуыңызды келтіруі мүмкін. Алайда алдына мақсат қоя білген Торпақтар мұндай мәселелерге еш бас ауыртпайды. Себебі олар осы аптаға маңызды жоспарлар құрып, тек соның қамымен жүреді. Жеке жұмыстармен алыс сапарларға шықпаған абзал.
Егіздер
Алда болатын жайттардың кейбірі сіз үшін маңызға толы болмақ.  Сондықтан іскерлік қатынасқа келгенде өз-өзіңізді жинақы ұстаңыз. Ең маңыздысы, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ұстамаған дұрыс. Ал ескі достарыңыз керісінше, сізге демеу көрсетуге асығады.
Шаян
Болашаққа жоспар құруды ұнатсаңыз оны бүгіннен бастаңыз. Әсілі, бәрін қойындәптеріңізге түртіп жүріңіз. Артқа қарап күмән келтірер болсаңыз, бұрынғы мәселелерге қайта тап болуыңыз ықтимал. Сондықтан бір қарқын алып, тек алға жылжысаңыз құба-құп.

Арыстан
Қазір шығармашылық ізденіс жасайтын мерзім. Бұл аптада Арыстандар екінші жартысын табулары әбден мүмкін. Бәлкім ол кешкі серуенге шыққан кезде немесе жаңадан таныстық орнатқан бір адаммен болуы ғажап емес. Мүмкіндігіңіз жоғары болсын десеңіз, жиі күлімдеп жүріңіз.

Бикеш
Егер қолға алған ісіңіз ілгері баспаса, онда бұл сізді белсенділікке шақыратын қоңырау деп қабылдаңыз. «Қай жерде шалыс бастым?» деп өзіңізбен өзіңіз қалып, ойға шомғаныңыз жөн. Себебі, оңашада қалсаңыз кенеттен бір ой келіп, жаңа бастаманы жүзеге асырамын деген құлшынысыңыз артады. Демалысқа да мән беріңіз.
Таразы
Таразылар үшін бұл кезең өмірінде жаңашылдықты қолға алғысы келсе  аса қолайлы. Талайдан бері құлшыныс білдіріп жүрген істерді біржақты етуге барыңызды саласыз. Бұл ретте достарыңыз көмекке келеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей көппен бірге әрекет етсеңіз жұмысыңыз берекелі болмақ.
Сарышаян
Жауапкершілігі мол істерге білек сыбана кіріспегеніңіз жөн. Маза бермей жүрген сауалдар болса тезірек шешімін тауып, иығыңыздағы жүкті түсіріп тастағаныңыз дұрыс. Бәрін тастап, отбасымен бірге тынығып қайтуды басшылыққа алыңыз. Себебі, жұмыс-жұмыс деп жақындарыңызға көңіл бөле алмай қалуыңыз мүмкін.
Мерген
Әлдекімдермен араңыз суып кетсе, қазір соны түзейтін орайлы сәт. Мейілінше жіберіп алмаңыз. Негізі, үйіңізге немесе пәтеріңізге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаздарды жаңартсаңыз артық емес. Жақындарыңызды бұл іске араластырмай, өз бетіңізбен іске кірісер болсаңыз өзіңізге де үлкен тәжірибе.
Тауешкі
Осы апта оңайға соқпайын деп тұр. Әсіресе жұмысыңыздағы басшылық тарапы болмашы қателіктерге бола ескерту айтуы мүмкін. Өз құқығыңызды қорғау кезінде барынша сыпайылық танытыңыз. Жұлдыздар қазанның 11-нен бастап ісіңіз алға басады деп сендіруде.
Суқұйғыш
Жаңа жұмысқа орналасуға мүмкіндік туындайды. Нақты шешімді қазанның 7-11 аралығында қабылдағаныңыз құба-құп. Бәлкім, жұмыс кестесі сіздің күн тәртібіңізге қолайсыз болуы мүмкін. Қалай болған күнде де жеке өміріңізде шалыс басып, сүйіктіңізді ренжітіп алмаңыз.
Балықтар
Кейбір тірліктерді бір өзіңіз аяқтай алмай жатасыз. Бұл сіздің достарыңыз аз дегенді емес, жеке басыңыздың табандылығын көрсетеді. Себебі, сіз осыған дейін ұсынылған көмектерден бас тартып, өз күшіңізге сеніп келдіңіз. Осы уақытта сүйіктіңізбен тату болып, мейілінше кикілжіңге жол бермеген жөн.