74 келі салмақтағы палуандардың көшбасшылары анықталды

561
көрілім
Фотосурет әлемдік күрес парақшасынан

Бүкіләлемдік күрес парақшасы 74 келіге дейінгі дәрежедегі спортшылардың рейтингісін ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір бұл салмақтағы бәсекелестіктің қызып тұрғаны жалпақ жұртқа мәлім. Көшбасшыларды өкшелеп келе жатқан Сонер Демирташ (Түркия), Франклин Гомес Матоштың (Пуэрто-Рико) өздері қашан да тосынсый жасауға әзір. Мәлім болғандай, бұл салмақтағы үздік үштіктің қатарынан көкпектілік Данияр Қайсанов ойып тұрып орын алған екен. Жерлесіміздің Әлем, Азия чемпионаттарындағы үздік нәтижелері тиісті ұпайларын қосып, жағдайын жақсартып алуға себепкер болды.
 Қазір Италияның намысын қорғап жүрген кубалық Франк Чамизода 62 ұпай. Бірінші орынға орныққан. Артынша ресейлік Заурбек Сидаков (60 ұпай) және үшінші орынға Данияр Қайсанов (57 ұпай) жайғасты. Ал Олимпиада ойындарының чемпионы, АҚШ-тың үкілеген үміті Джордан Барроуз 43 ұпаймен төртінші орынға табан тіреген.