8-14 ақпан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

1063
көрілім

Тоқты

Бұған дейін орындау қиынға түсіп жүрген тірліктерді оп-оңай еңсерсеңіз, оған еш таңданбаңыз. Ақпан айының 12-14 күндері аралығында күтпеген жерден қомақты ақшаға иелік етуіңіз мүмкін. Өз кәдеңізге жаратуға тырысыңыз.

Торпақ

Соңғы күндері сүйіктіңізге романтикалық кездесу ұйым­дастыруды ойға аласыз. Нәзік жандылар арқа сүйер азаматтарынан жылы лебіз естіп, сыйлықтар алады. Ауқымды жоспар құрып, сау­да орындарынан бағалы заттар сатып алудың қажеті жоқ.

Егіздер

Барлығын ысыра тұрып, үзіліс жасаңыз. Бір маңызды істі қолға алуға шақыратын нұсқаулық беріледі. Соны дұрыс түсініп, оңтайлы жоспар құра беріңіз. Жақындарыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін.

Шаян

Ұсақ-түйек үшін жүйке жұқарта берудің жөні жоқ. Сабыр сақтасаңыз ғана сәттілік серігіңізге айналмақ. Жұмыста әріптестеріңізбен емен-жарқын сөйлеспегеніңіз жөн. Соңғы уақыттары олардың сізге деген ойлары түзу емес. Жолда жүргенде сақ болыңыз.

Арыстан

Уақытыңыз болса туындаған барлық тұрмыстық мәселелерді шешіп тастауға тырысыңыз. Жөндеу жұмыстары үшін де қолайлы сәт. Өзіңізді дамытатын кітаптар оқуды жалғастыра түсіңіз. Қосымша курстарға да жазылу артық етпейді.

Бикеш

Егер ақпан айының 12-14 күндері аралығында маңызды ұсыныс түссе бас тартпаңыз. Өзіңіз күтпеген жерден өмірлік серігіңіз тосын мінез танытады. Мұның себебі әралуан. Соңғы уақыттардағы жұмысбастылығыңыз, ашушаңдығыңыз, яки отбасына көңіл бөлмеуіңіз аз-кем түсініс­пеушіліктер туындатуы мүмкін.

Таразы

Өзіңізді бағалауға келгенде ойыңыз сан-саққа кетеді. Кейбір ісіңізге көңіліңіз толмайды. Бұрымдыларға сұлулық салонына барып, көңілі қалаған киімдер сатып алуларына болады. Араларыңызға сызат түскен достарыңызбен жолығып, өткен-кеткенге шолу жасаңыз.

Сарышаян

Аяғыңыздан шалып, әр же­тістігіңізге көре алмаушылық бай­қататын әріптестеріңіздің теріс пиғылына тойтарыс беруге тырысыңыз. Өзіңізге бек сенімді болсаңыз кей тұрғыда басшылыққа да көзқарасыңызды білдіруден жасқанбаңыз. Апта соңында жақсылап тынығыңыз.

Мерген

Алыс сапарға шықсаңыз қазіргі уақыт қолайлы. Шағын саяхат болса да көңіліңіз қалаған жаққа барып, бойжазып қайтыңыз. Көмек сұраған таныстарыңызға сыпайы түрде бас тартыңыз. Үйде бала-шағаңызға мұқият көңіл бөліңіз, әсіресе тәртібіне назар аударған дұрыс.

Тауешкі

Жұмыста қарбаластың көкесі болайын деп тұр. Уақтылы орындап үлгеру үшін осы бастан жоспарыңызды бекіте түсіңіз. Керек болса үйдегі тірлікті де ысыра тұруыңыз қажет. Дей тұрғанмен сын сағатта жауапкершілік танытуыңыз кейін басшылықтың оң бағасын беруіне себепші болмақ.

Суқұйғыш

Жағымсыз эмоцияны ішіңізде сақтай бермеңіз. Жүрек­ке көп салмақтың түсуі де денсаулығыңызға нұқсан келтіруі мүмкін. Ақыл емес, ашу жеңіп бара жатса ол мінезіңізді жақындарыңызға көрсетпегеніңіз жөн. Қазір спортпен шұғылдануға қолайлы уақыт.

Балықтар

Денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз аптаның ыңғайлы күнін таңдап, дәрігерге тексеріліп қайтыңыз. Жұмыс-жұмыс деп өз жағдайыңызға немқұрайлы қараған жөн болмас. Әр нәрсеге алаңдап, болмашы сауалдарға бас ауыртудың қажеті жоқ. Әйтпесе ескі жарақаттарыңыздың қайта дендеуі кәдік.