8-14 наурыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

1714
көрілім

Тоқты

Жеке өміріңізде бәрі тым-тырыс, құлаққа ұрған танадай тыныштық орнайды. Сол бір жаймашуақ сәтті уыстан шығарып алмас үшін кейбір дүниелерден бас тартқаныңыз жөн. Жұмыста берілген жүктемелерді әріптестеріңізбен де бөлісуді ұмытпаңыз.

Торпақ

Ұжымда әлдеқандай бәсекелестік байқалады. Амал нешік, тәжірибенің аздығынан кей тұрғыда есе жіберіп қоюыңыз мүмкін. Бұл жерде еш қапаланбаңыз, одан да кешкісін отбасыңызбен ертерек қауышып, берекелі дастарқанда басқосуға асығыңыз.

Егіздер

Өзіңізден әлеуеті жоғары, жұмыста әбден ысылған жандардың ақыл-кеңесіне мұқият құлақ түріңіз. Олардың айтқаны көп жағдайда дөп келеді. Наурыз айының 13-і күні сақ болыңыз: бәз-біреулер сыртыңыздан сөз тасулары мүмкін.

Шаян

Егер иек артар адамыңыз болса ғана жауапты тапсырмаларды қолға алуға келісім бергеніңіз жөн. Көп уақытыңызды алатын шаруалардан бас тарта тұрыңыз. Қазір қарызға берген ақшаңыз жуық арада қайтпайды, сол себепті қымбат заттарды сатып алмаған жөн.

Арыстан

Апта басында айрықша төзімділікке ие болыңыз: күш-қуатыңызды үнемдеп, әрі қандай да бір дау туындаса сабыр сақтай біліңіз. Күтпеген жерден мәселелер туындап, соның шешімін табу үшін бас ауыртасыз. Ашуланудың еш реті жоқ, апта соңында барлығы өз орнына келеді.

Бикеш

Осыған дейін шешімін таба алмай жүрген отбасылық мәселелерді біржақты етудің сәті түспек. Қолайлы сәтті құр жіберіп алмаңыз. Қолыңыз босағанда алыс-жақын жерлерге сапар шегіп қайтыңыз, қарбалас жұмыс алдында бір серпіліп қаласыз.

Таразы

Қанша жерден сабыр сақтап, болмашы дүниелерге мән бермеуге тырысқаныңызбен мүмкін болмайды. Оның себебі: әлдекімдермен ренжісіп, кімдікі дұрыс екендігін анықтап алуға асығыстық танытуыңыздан.

Сарышаян

Жұмыста басшыңыз қателіктерге жиі жол берді. Мұны әріптестеріңіз де байқап, бірлесе бас көтеруге шақырады. Мәселе жалақының төмендігінен, қызметкерлер жұмысына көңіл толмаушылықтан болуы кәдік. Бұл жерде сіздің еш кінәңіз жоқ.

Мерген

Қазір біртіндеп өзіңіздің сырт келбетіңізге, киім үлгісіне мән бере бастағаныңыз жөн. Сәл шаршаңқысыз. Алда жауапты жұмыстар күтіп тұр. Демалыс күндері барынша тынығып, күш-қуат жинап алыңыз. Отбасында бала тәрбиесіне мән бергеніңіз ләзім.

Тауешкі

Қайталанбас әсер мен көтеріңкі көңіл-күй күтіп тұр сізді. Жұмысыңызда ықыласыңыз бір аруға ауып, оның талғамына мән бере бастайсыз. Не де болса алғашқы қадамды гүл сыйлап, театрға шақырудан бастаңыз. Алыс сапарға шыққанда сақ болыңыз.

Суқұйғыш

Соңғы уақытта сүйіктіңіздің басқа біреумен кездесіп жүргендігі жайлы әңгімені жиі естисіз. Мұндайда ең жақын досыңыздың кеңесіне құлақ түріп, ұнатқан адамыңыздың әрекетіне барлау жасап көріңіз. Жағдай сіз ойлағандай болмаса, мерекелік алдындағы сыйлығыңызды әзірлей беріңіз.

Балықтар

Өмірлік тәжірибе жинап, жарқын қадамдар жасауға жаңа жоспар құрасыз. Кейбір тапсырмалар тым қиынға түсіп, бірқатар мәселе төңірегінде бас қатырасыз. Ұжымда әріптестеріңіз сізге қарсы шығулары мүмкін, ондайда арық айтып, семіз шығуға тырысыңыз.