8-14 шілде аралығына арналған Жұлдыз-жорамал

392
көрілім

Тоқты
Қарым-қатынасыңызды бұзғыңыз келмей ме? Олай болса тізгінді ер-азаматыңызға беріңіз. Ал сіз өзіңізге көңіл аударып, гардеробыңызды жаңартуға тырысыңыз. Айта кетелік, дәл қазір көлік немесе пәтер сатып алуға қолайлы кезең. Десек те несие алмауға тырысыңыз.
Торпақ
Бұл аптада жол жүру тиімсіз. Жолсапарыңызды кейінге шегеріңіз. Онанда үйде жатып кітап оқыңыз. Сізге тынығу керек! Дене еңбегі сіз үшін қолайсыз әрі денсаулығыңыз да сыр беруі мүмкін.
Егіздер
Шілденің 11-14 аралығы сіз үшін қауырт кезең болмақ. Осы кезде бар шаруаңызды жоспарласаңыз да болады. Жақын туыстарыңыз көңіліңізге кірбің түсіруі мүмкін, бірақ сіз осыған дайын болыңыз. Екінші жартыңыз бен достарыңыздың көмегіне сүйеніңіз, иығыңыздан жүк түскендей боласыз.
Шаян
Бұл аптада көптеген Шаяндарды ажырасу күтіп тұр. Егер оған философиялық тұрғыдан қарасаңыз, жуық арада өміріңізде келелі өзгерістер болмақ. Қарызға ақша бермеңіз. Онанда білгенақылыңызды айтыңыз.
Арыстан
Сіз баяғыда ұмытып кеткен ескі достарыңыз пайда бола бастайды. Уақсыз-уақта болғанын қарашы. Басшылықтың алдында жаңа идеяларыңызды жайып салатын кез жетті. Олар ойыңызды құптайтын болады. Егер сіз саяжайда жүрсеңіз жұмысты қыздырыңыз. Сонда ойлаған ойыңыз да іске асады.
Бикеш
Сіз қандай істі болмасын, орынды атқарып отырсыз. Өз күшіңізге күмәніңіз болмасын. Осы кезде өмір сүру қағидаларыңызға да, тағдырыңызға да өзгеріс енгізуге болады. Жұлдыз-жорамалға назар аударыңыз! Дәл осы кезде Жұлдыздардың болжамы көп ықпал етпек.
Таразы
Сүйктіңізбен қарым-қатынасыңызды таразыға салудың қажеті жоқ. Осы кезде тек бір-бірлеріңізден алшақ болғандарыңыз жөн. Қомақты сауда жасамаңыз. Жұлдыздар екі қолды қусырып бос отырып қана шақырту күткенді қаламайды.
Сарышаян
Сізге қызықты бірақ қауіпті ұсыныстарт түсуі мүмкін. Өз-өзіңізге сенімді болсаңыз ұсынысты қабылдаңыз. Бар күш-жігеріңізді жұмсап еңбек етуге ұмтылыңыз, сосын тынығуға жағдай жасаңыз. Саяхатқа шығуды да жоспарлап қойыңыз.
Мерген
Бұл аптада кейбір Мергендер бас айналдырар махаббат сезіміне бөленбек. Бірақ ол көпке созылмайды. Қызмет бабында басшының көзіне көп түспегеніңіз абзал. Жанұяда аяқ астынан жанжал шығуы мүмкін. Сіз бірінші болып кикілжіңді басыңыз.
Тауешкі
Созылмалы сырқатыңыз сыр беруі ықтимал. Сіздің қолыңыздан келетіні – салауатты өмір салтын ұстану. Жексенбіде қала сыртына серуендеуге шығыңыз. Шілденің 12-14 күндері аралығында материалдық түсім болады.
Суқұйғыш
Біреу-міреумен ренжісуден аулақ-болыңыз. Керісінше, кішіпейіл де көпшіл мінез танытыңыз. Келісімшарт жасасу – тиімсіз бұл кезде. Ал оқып үйренемін десеңіз – мархабат! Онлайн-курстардың кез-келгенінен бастаңыз.
Балықтар
Бұрынғы ғашықтық сезімдерін қайтадан тұтатамын десеңіз – әрекет жасап бағыңыз. Бәрі де сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз! Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. «Таспен атқанды аспен атыңыз». Шілденің 8-10 күндері сақ болыңыз: біреудің алдап-арбауына түсіп қалмаңыз.