8 наурызда ауа райы қандай болады

372
көрілім

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпарат қа сілтеме жасап

«Алдағы тәуліктерде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста арктикалық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын, әсіресе қар жауады. Бірақ республиканың солтүстік және батыс облыстарына жылжыған суық және кең антициклон, қалған аумақтарға да тез тарайды. Сондықтан 8 наурыз мерекесі күні Қазақстанда салқын, бірақ ала бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні республиканың батыс облыстарына Қара теңізден жылы ауа ағымдары жылжығандықтан күн жылынады», - делінген хабарламада.