9-15 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

847
көрілім

Тоқты

Апта соңында ескі достарыңыз қолдан келген көмегін аямай, қиналғанда жаныңыздан табылады. Ондай қадамға қуанып қаласыз, себебі аяқасты болған әрекетті күтпесеңіз керек. Ал осыған дейін сізге деген сезімін жасырып келген ару алдыңызға келіп, махаббат кемесіне мінуге қолқа салады.

Торпақ

Жағымсыз жаңалық естіп, соның әсерінен бағытыңыздан тайғандай боласыз. Болмашы дүние еңсеңізді түсіріп жіберуі де ғажап емес. Осы кезде көпшілік күтпеген мінез танытып, өзіңізді барынша жинақы ұстайсыз. Қайғырудың еш қажеті жоқ және өзіңізге деген сенімділікті жоғалтпаңыз.

Егіздер

Тапқан-таянғаныңызды әлдекімдер тартып алмақ болып, табысыңызға көз салады. Сол үшін күресуге әзір болыңыз. Маңдай теріңізбен тапқан ақша өзгенің қалтасына кетсе еңбегіңіздің зая болғаны. Айыптыны алыстан іздеудің қажеті жоқ, әріптестеріңіздің сізге деген көзқарасы теріс болуы мүмкін.

Шаян

Қазір ұзақ жолға немесе іссапарға барудың еш жөні жоқ. Басшылық қоярда-қоймай «бар» деп жатса, бас тартудың амалын іздеңіз. Жағдай сіз ойлағандай болмай жатса, қатты қапаланбаңыз. Бастысы сол сапардан ешнәрсе жоғалтпайсыз.

Арыстан

Көбінде үйден шықпауды жөн санайтын Арыстандар үшін апта соңы қарбалас болғалы тұр. Себебі оларды ағарту, сырлау, жиһаздардың орналастырылу үлгісін өзгерту сынды шаруалар күтіп тұр. Дегенмен үйіңізде қандай өзгеріс енгіземін десеңіз де отбасы мүшелері еш қарсылық танытпайды.

Бикеш

Апта басталысымен жұмыстағы жүктемелеріңіз үсті-үстіне қаптай түседі. Мақсатшылдығыңыз қауырт тірлікті уақытылы аяқтауға мүмкіндік береді. Сізге қарап еліктеп жүргендер аз емес, солардың арасынан болашақ жарыңызды кезіктіріп қалуыңыз әбден мүмкін.

Таразы

Ғаламшар орнынан қозғалғандай болады сіз үшін. Себебі талайдан бері жүзеге аспай келе жатқан жоспарыңыз орындалып, жарқын өміріңіз үшін алдыңызға тағы да мақсат қоя бастайсыз. Тек достарыңызды есіңізден шығарып алмаңыз. Соңғы уақыттары хабарласпай кеткен сыңайлысыз.

Сарышаян

Жұлдыздар Сарышаяндарға қандай келісімшарттарға қол қойса да болмашы қателіктерге жол бермеуге кеңес береді. Ал бәрі ойдағыдай болса жұмыста ісіңіз ілгерілеп, қандай сауал туындаса да пікіріңіз шешуші болмақ.

Мерген

Қазіргі уақытта аяғыңыздан шаламыз деп небір әрекеттерге баратындар көбейеді. Айналаңыздағы өз өміріне тірек болар құндылықтарын бекітпеген жандардан бөлек, банктен де қоңырау шалулары мүмкін. Осының барлығы да біреудің әдей істеп отырған қастандығы болып көрінері сөзсіз. Алайда мәселе өзіңіз күткеннен тез шешілмек.

Тауешкі

Жұлдыздар болжамынша, апта соңына қарай Тауешкілердің өмірге деген құштарлығы тіптен арта түседі. Мұны тиімді пайдалануға тырысыңыз. Себебі ұжымда да туыс-туғандарыңыздың арасында да, тіпті достарыңызбен қарым-қатынас кезінде де салиқалы әңгіме айтып, ортаның көркін енгізсеңіз өзіңіз де марқайып қаласыз.

Суқұйғыш

Соңғы уақыттары өзгелердің бас қатырар мәселесін шешу арқылы өзіңізге деген сенімділікті сезінесіз. Жұмыста табысыңызды ұлғайтуды ойлайсыз. Қолыңыздан барлығы келеді. Жұлдыздар осы қарқыныңыздан таймау үшін оң аяқпен тұруға кеңес береді.

Балықтар

Болмашы келеңсіздіктер үшін айналаңыздағы адамдарға реніш білдіресіз, айып тағасыз. Міне, күтпеген жайт. Сол көңіліңіз қалған адамдар тұңғиыққа батып, түңіле түскен сізге қуаныш сыйлайды. Әлдене қолыңыздан келмей жатса қолұшын беруге әзір тұрады.